720 млн бөлінген спорт кешені бітпей жатыр

Берік Жанатханұлы

  • 27.10.2020

Алматы облысындағы Жансүгір кентінде  2018 жылы басталған спорт нысаны әлі күнге дейін бітпей қанырап тұр. Ақсу ауданының орталығындағы спорт кешені былтыр қолданысқа берілуі тиіс болған. Ғимараттың  жалпы құны - 720 млн теңге. Оның 600 млн-нан астам қаржысы игерілген. Бірақ құрылыс тоқтап тұр. МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісінің көзімен көргенде ғимарат басында күзетшіден басқа ешкім болмады. Қоршаулары қирап, жан-жағы ашық-шашық жатыр.

Бұл нысанды бір компания салып жатқан. Ол кетіп қалды да басқасы келді.  Өздеріңіз көріп тұрсыздар құрылыс алаңына ұқсамайды. Бәрі ашық-шашық. Ит жүреді. Бала-шаға кіреді. Қоршаулары да ашылып жатыр. Қанша дегенімен құрылысы бітпеген ғмарат қой. Біредің басына бір зат түсіп кетсе не болады?», -дейді кент тұрғыны Данияр БЕЙІСҚАЛИ.

Спорт кешені 180 балаға арналған. Әзірге бұл жерде тек күзетші ғана жүр. Бірақ ол бітпеген ғимаратты тегін күзетіп жүргенін айтады.

«Құрылыс компаниясында қаржылық қиындық бар сияқты. Құрылыс жұмысын айтпағанда біздің айлығымызды бермеу отыр. Екі айлық жалақымызды төлеген жоқ. Тамаққа әрең ақша тауып жүрміз», -дейді күзетші Жұман ТҰРЛЫБЕКОВ.

Спорт кешенінің құрылысы әлі аяқталмаса да, жұмыс сапасына тұрғындардың көңілі толмайтын секілді. Өйткені, нысанды салу  кезінде кемшіліктер кетуіне байланысты құзырлы мекеме біраз бөлігін бұздырып, қайта жасатқан екен.

Ауыл адамдарының көбі сапасыз салынып жатқан кешенге балаларымызды болашақта қалай жібереміз деп жатыр. Кірсек, иманымызды айтып кіретін шығармыз енді бұл ғимаратқа. Жазым деген аяқасты ғой. Сенбеймін, бұл ары қарай дұрыс боп кетеді дегенге», -дейді тағы бір тұрғын Ілияс ШҰҒАЙ.  

«Спорт комплекс үш блокқа бөлінген. Әр үш блок өзімен-өзі бөлек. Конструкция бойынша  бір-біріне байланбаған. Оның арасы бір-біріне жабысып тұрмайды. Жаңағы құлау не болмаса, ондай ешқандай оқиғалар болған жоқ. Барлығы құрылыстың нормативіне сай салынып жатыр. Қазіргі таңда нысан 90 пайызға бітіп тұр»,- дейді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары  Еркебұлан ӘМЕШҰЛЫ.  

Мәлім кз сайтының тілшісі құрылысқа жауапты мердігер мекеме басшысы Қанат ӘБЕУЕВПЕН де сөйлесті. Айтуынша, құрылыс биыл аяқталады.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

09.02.2023

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

21.06.2022

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

13.06.2022

Ең кедей облыс: Жетісудың арқасында Қызылорда алға шықты

09.06.2022

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

24.11.2021

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021
MalimBlocks
Әкім Сұлтанғазиев жұмсақ креслода отыр, ал оқушыға орындық та жоқ

Алматы облысындағы Жетіген ауылының мектебінде бастауыш сынып оқушылары сабақты тікесінен тік тұрып оқуға мәжбүр

Жаңа облыстарда үй бағасы үш айда қалай өзгерді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында үш облысты бөлу туралы шешім қабылдағанын айтып, жаңа облыс орталықтарын таныстырған еді. MalimMedia сол жаңалық шыққан күннен бастап жаңа орталықтардағы тұрғын үй бағасын салыстырып көрдік.

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

Жаңа құрылған Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу және жалға алу үшін 12 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Ең кедей облыс: Жетісудың арқасында Қызылорда алға шықты

Экономиканы зерттеу институты Қазақстанда бөлінетін үш облыстың инвестициялары қалай өзгеріске ұшырайтынын көрсетті. Айта кетейік, Алматы облысының бөлінуі әсерінен инвестиция тарту бойынша соңғы орында қалып келген Қызылорда облысы тізімде алға жылжитын болды.

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған