Еденде жатқан мәйіттер Ақсайда түсірілгені расталды
Әлеуметтік желіде еденде қара түсті қаптарға оралып, еденде жатқан мәйіттердің видеосы тараған еді. Видеоны түсірген әйел адам кадр сыртында коронавирустан қайтыс болғандарды осылайша "лақтыра салды" деген.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық басқармасы видеоны Бөрілі ауданы Ақсай қаласындағы мәйітханада қызметкерлердің бірі түсіргенін растады.
"12-сінен 13 шілдеге қараған түні Бөрлі аудандық ауруханасының паталогоанатомиялық бюросына қайтыс болған адамдардың мәйіттері жеткізілді. Мәйіттерді жинап, ережеге сәйкес, бірден арнайы тоңазытқыштарға қоюы тиіс мәйітхана қызметкері оны жасамаған", - деді облыстық денсаулық басқармасы.
Басқарманың хабарлауынша, бұл іс бойынша тергеу басталған.