Қазақстан пневмонияны коронавирусқа қосып санамақ

  • 17.07.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұдан былай вирусты пневмонияны коронавирус статистикасына қосылатынын мәлімдеді.

Коронавирустың жалпы тіркелген статистикасынан бөлек пневмонияға назар аудару керек. Осы ретте коронавирус пен пневмония бойынша деректердің ашығын қамтамасыз ету үшін коронавирусты тіркеудің жаңа әдісіне көштік. ДСҰ-ның Еуропа аймақтық бюросымен ақылдаса келе коронавирусты есепке алу және кодтау халықаралық классификация бойынша жіктеу керек деген шешімге келді. Осылайша коронавирус белгісі бар, ПТР нәтижесі теріс пневмония коронавирус бойынша жалпы статистикаға жатқызылады" , - деді А.Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

Министрдің айтуынша, коронавирустың тіркелген жағдайы мен  клиникалық және эпидемиологиялық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмония 1 тамыздан бастап бірге есептеледі.

Бірақ министр қай кезеңнен бастап тіркелген пневмония жағдайы жалпы статистикаға қосылып есептелетінін ашып айтпады.

А.Цойдың айтуынша, жыл басынан бері 15 шілдеге дейін 234 187 пневмониямен ауыру жағдайы тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 3-3,5 есе көп.  Бұл барлық бактериалды және вирусты пневмонияның бойынша бүкіл статистика.  Жыл басынан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3327 адам қайтыс болған.

ДДСҰ Еуропа аймағы бойынша бюросының төтенше жағдайлар бойынша аймақтық директоры Дорит Ницман статистиканы бірге есептеу басталғанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы күрт өсетінін ескертті.

Байланысты жаналықтар

Ақша ұрлаған пошта қызметкері

05.08.2020

Успешный бизнес благодаря программе “Еңбек” 

22.04.2021

Түркістан облысы тауларында жоғалған жетінші адамның мәйіті табылды

22.06.2021

Ақтөбе жедел жәрдемі Тоқаевтан жәрдем сұрады

15.05.2020

Наурыз мерекесі тойланбасын. Қалаға автобустар кірмесін.

11.03.2021

Қазақстанда балаға төленетін әлеуметтік төлемнің 8 түрі бар

23.09.2020