Жаңақорғанға бес тыныс алу аппараты жетті

  • 17.07.2020
  • Абай Нұржанұлы

Қызылордадағы Жаңақорған аудандық ауруханасына қайрымды жандар бес жасанды тыныс алу аппаратын тапсырды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі хабарлайды.

Ресми ақпарат бойынша Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 2066 адам болса, жазылып шыққандар 1420 адам. Ауыр індеттен 7 адам көз жұмған. Жаңақорғандық ауруханаға «Жаңарған Жаңақорған жастар қоғамдық қоры» жасанды тыныс алу аппарытын тапсырған. 2016 жылдан бері қайрымдылықпен айналысып келе жатқан жергілкті азаматтар былтыр ресми қор болып тіркеліпті.

«Елде мынандай жағдай болып жатқанда қол қусырып отыра алмадық. Ел үшін алаңдап отырған кәсіпкерлердің, аз да болса қолындағысы берген қарапайым азаматтардың ақшасын жинадық. Мешіт имамдары да бұл іске араласып, бір тыныс алу аппаратының ақшасын берді. Қысқасы, елден жиналған ақшаға тыныс алу аппаратын алып, халықтың өз игілігіне жаратып отырмыз», - дейді «Жаңарған Жаңақорған жастары қоғамдық қорының»  басшысы Еркінбек АЙНАҚОЖАЕВ.

Қайрымдылық қоры бұл аппараттарды белгілі айтыскер ақын Айнұр ТҰРСЫНБАЕВАНЫҢ «Айдың нұры» қорының мұрындық болуымен Түркиядан алдыртыпты.  Айтыскер ақын екі тыныс алу аппаратын өз атынан жаңақорғандықтарға берген екен. Жаңақорғандық қор жуық арада белгілі теолог Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ арқылы Қытайдан тағы сегіз тыныс алу аппаратына тапсырыс беріп қойыпты.

 

Байланысты жаналықтар

Ұйғыр ауданында не болып жатыр?

17.06.2020

Соңғы жазба: "Еш жерің ауырмай оянудың өзі бақыт"

18.05.2020

Өңір өміріндегі өнер сапары

19.12.2020

Ливерпуль мен Атлетико матчынан кейін адамдар жаппай өлген

25.05.2020

Әкім мырза, баламды өлтіргендер жазаласын

20.10.2020

Індет қалай тоқтайды?

14.10.2020