Ассамблеяның тойы Назарбаевтың ауылында басталды

Malim Админ

  • 11.02.2020

Қордай трагедиясынан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының таратылуы туралы бастама Фейсбук әлеуметтік желісінде көтерілді.

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ассамблеяның құрылғанына биыл жиырма бес жыл. Осыған орай тұңғыш президент, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыпастырудағы ерен еңбегін насихаттауға арналған «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы салтанатты түрде басталды. Бұл туралы  Қазақстан халқы Ассамблеясы ресми сайтында хабарлады.

Алматы облысына қарасты Шамалған ауылында өткен жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Алматы облысыынң әкімі Амандық БАТАЛОВ, сенат депутаты Ләззат СҮЛЕЙМЕНОВА сынды шенділер қатысты.

Жансейіт ҚАНСЕЙІТҰЛЫ «Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясының жалпыұлттық жоба екенін  және оның маңызы жайлы баяндады. Ассамблеяның ұлтаралық татулық жолындағы еңбегінін зор екенін айтты. Сондай-ақ, ҚХА 25 жылдық тойын шетелде де тойланатынын жеткізді.

«Келесі жылы азаттықтың 30 жылдығын атап өтеміз. Осы жылдар Қазақстан Ұлт көшбасшысының басшылығымен талай жолды жүріп өтті. Қазақстанды барлық әлем таныды. БҰҰ-ның мүшесі болдық. Біз «Тұңғыш Президент жолымен» экспедициясын ұйымдастырып отырмыз.Халықтық жоба Жетісудағы Үшқоңыр етегінде бастау алды», - деді Жансейіт Түймебаев.

Фотолар: assembly.kz

Байланысты жаналықтар

Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11.03.2021

"Бір жарым миллион ақшасыз қазақ нан-тұзсыз қалуы мүмкін"

28.03.2020

Эколог Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды

28.07.2020

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

20.01.2022

Цойдың алдында тұрған төрт міндет

26.06.2020

Сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері Тәуелсіздік монументіне келді

16.12.2020
MalimBlocks
Жазушылар одағы Алматы қаласы музейлер бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"Бір жарым миллион ақшасыз қазақ нан-тұзсыз қалуы мүмкін"

Эколог Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды

Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?

Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Ал құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина бүлік кезінде қаза тапқан, қамауға алынған, жарақаттан және іс-түссіз жоғалған азаматтардың тізімін жасайтын Qantar 2022 сайтын іске қосты. Malim.kz тілшісі олармен тілдесті.

Цойдың алдында тұрған төрт міндет

Сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері Тәуелсіздік монументіне келді