Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

Malim Админ

  • 11.02.2020

Сарапшы мамандар үш күн бойы мүліктерді санап, зерттеп, зерделеп қорытынды шығарды. Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге. Енді бұл материалдық шығын заңға сәйкес шетінен төленеді. Бірақ ол үшін тұрғындардың құжаттары түгел болуы керек. Бұл бағытта халыққа мобильді қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады, – деп Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, мамандар Сортөбе ауылы әкімдігінің ғимаратында тұрғындарды қабылдап жатыр. Таңғы сағат 9-дан кешкі 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Қазір қолдарында мүлік иесі екенін растайтын құжаты жоқ адамдар бар.

Тұрғындардың айтуларынша, көпшілігі құжаттарын жанжал кезінде жоғалтқан. Құжаттары талапқа сай болмаса өтемақы толық берілмейді. Қазір төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтармен жұмыс істеу мақсатында арнайы топтар құрылған. Жұртқа ыңғайлы, әрі қолжетімді болу үшін Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр елді мекендерінде жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр. Мамандар жұрттың өтінішін тіркеп, осы жерде қабылдайды. Бүгінгі күнге дейін 22 азаматқа жеке куәлік, 18 балаға туу туралы куәліктер берілген.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев мырза, сіздің сыныңызды елеген ешкім жоқ

19.02.2020

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

30.04.2020

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

08.03.2020

30 жыл биліктен кетпеген президент қайтыс болды

25.02.2020

Ғалым Доскен қолтаңбасы

19.07.2020

Министр: «Биыл бір қаладан асатын үй салынады»

24.03.2020
MalimBlocks
Тоқаев мырза, сіздің сыныңызды елеген ешкім жоқ

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

Медицина мифтері: Әйелдер еркектерден көп сөйлей ме?

30 жыл биліктен кетпеген президент қайтыс болды

Ғалым Доскен қолтаңбасы

Министр: «Биыл бір қаладан асатын үй салынады»