457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс теңіз курорттарына жақындай түсті

Таиланд пен Камбоджа арасындағы өзара атыстар елдердің теңіз жағалауына, танымал демалыс аймақтарына жақындай түсті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Қақтығыстан қаза тапқандардың саны ондаған адамға жетті. Таиланд әскери-теңіз күштерін іске қосты.

Қақтығыстың алғашқы күндерінде атыстар негізінен ел шекарасының солтүстік бөлігінде, Оңтүстік Қытай теңізі жағалауындағы танымал курорттардан алшақ жерде жүріп жатқан еді. Алайда 25 шілде кешінен бастап қарулы қақтығыс қайта үдеп, Таиландтың Трат және Чантхабури провинцияларында жалғасты. Бұл аймақтардан Паттайяға шамамен 150 шақырым, ал Бангкокқа 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Екі шекаралас провинцияның жекелеген аудандарында әскери жағдай енгізілді.

Bangkok Post газетінің Таиланд армиясына сілтеме жасап хабарлауынша, 26 шілде күні таңертең Камбоджа әскері Трат провинциясы аумағында шекараны бұзып өтпек болған, алайда тойтарылған. Қарулы қақтығыстар кезінде Таиландтың әскери-теңіз күштерінің кемелері қолданылған.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны артуда. The Phnom Penh Post дерегінше, Камбоджада 13 адам қаза тапқан, 70 адам жараланған. Олардың шамамен 50-і — бейбіт тұрғындар. dpa агенттігінің мәліметінше, Таиландта 14 адам мерт болған, оның ішінде 13-і — бейбіт азаматтар. 60-тан астам адам жарақат алған. Қауіпсіздік мақсатында шекара маңындағы 130 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Фото: Valeria Mongelli/Anadolu/picture alliance