Сенатор педофилдерді ату керек деп мәлімдеді

  • 24.07.2020
  • Malim Админ

Сенат депутаты Нұртөре ЖҮСІП  Қазақстанда педофилдарды ату керек деп есептейді. Бұл туралы сенатор facebook.com әлеуметтік желісінде жазды.

«Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айрылған адамды біздің қазақ "айуан" дейтін...Жалғыз Сәтбаев қаласында ғана емес, республика көлемінде педофил көбейді. Бұл - айуандар көбейгенін аңғартады.Құтырған иттің өзін атып тастаймыз!Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?!. Айуанға адам құқығы деген мүсіркеумен қарауға болмайды!», - деп жазды сенатор Нұртөре Жүсіп.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 23 шілде күні Қарағанды облысына қарасты Сатбаев қаласында 5 жасар қыз жоғалып кеткен еді. Полиция және қала тұрғындары бірлесе іздейді. Бүлдіршін көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен табылған. Қасында ер адам болған.

Жиналған жұрт күдіктіні жазаламақшы болған. Оның арты тәртіпсіздікке ұласып, халық күдіктіні жазаға тартуды талап еткен. Бүлдіршін табылған үйдің подъезін қоршап алған. Ашулы топ өз талаптарымен полиция кеңсесіне де барған. Олар жандырғыш қоспаларды лақтырып, бірнеше автомашина жанып кеткен. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сатбаев қаласында жағдай тұрақтанған. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып кеткен. Ал бес жасар бүлдіршін ауруханаға жатқызылған.

Фото: parlam.kz

 

Байланысты жаналықтар

Әр ауылдың мәселесі «Nur Otan» партиясының назарында

23.12.2020

Трамптың әлеуметтік желі парақшалары бұғатталды

07.01.2021

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек

03.05.2021

Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

22.09.2020

Forbes тізімі тағы үш қазақстандықпен толықты

07.04.2021

Қытай зерттеушілері: Орталық Азия елдері суды ысырап етіп, жерді тиімсіз пайдаланып отыр

28.04.2021