«Жыл соңына дейін ас бермеңдер»

Malim Админ

  • 25.07.2020

Бүгін облыс әкімі  Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ төрағалығымен Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өтті. Жиында қала әкімі Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Облыс орталығында коронавирус, пневмония диагнозымен және ОРВИ инфекциясымен 1966 адам тіркеліпті. Халықтың жедел жәрдемді жиі шақыруына орай мобильді дәрігерлерді тасымалдау шаралары да қолға алыныпты. Әкімдікке қарасты 30-ға жуық қызметтік көлік медицина қызметкерлеріне беріліпті.
Кәсіпкерлер мен еріктілер 20-ға жуық көлікпен  оттегі баллонын жеткізу мен тағы да басқа қызметтер бойынша көмек көрсетіп жатыр екен. Сондай-ақ, 27 кәсіпкер 52 млн. теңгеге 77 дана оттегі концентраторы мен 850 дана оттегі баллонын қаладағы ауруханаларға жеткізген.
Сонымен қатар жиында «Қызылорда», «Арбат», «Бәйтерек» қонақ үйлері иелерінің демеушілігі мен қалалық «Сырдария» тынығу лагері, қалалық ардагерлер үйі, ҚМУ №4 жатақханасына 401 медициналық қызметкер орналастырылғаны айтлды. .
Алайда, өңір басшысы Гүлшара ШАУШАҚЫЗЫ тұрғындар арасында әлі де сақтық шаралары дұрыс сақталмай отырғанын айтты.

"Қазіргі таңда тұрғындар арасында әлі де сақтық шараларына бейқамдық танытып жүргендер бар. Жыл соңына дейін ас беру сияқты жиындарды тоқтату керек. Мобильді топтарды түсіндірме жұмыстарына араластырып, халыққа кеңінен ақпарат беру қажет", - деді облыс әкімі. 

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды