Эколог Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды

Malim Админ

  • 28.07.2020

Эколог, Экология халықаралық академиясының президенті, азаматтық белсенді Мұсағали Дуамбеков бүгін таңертең қайтыс болды. Бұл туралы оның парақшасында әйелі хабарлады.

"Досымыз, бауырымыз, ұстазымыз Мұсағали Дуамбеков дүниеден өтті. Бұл еліміздің азаматтық қоғамы үшін орны толмас қаза. Біз ауруханада бірге жаттық, артынша оны реанимацияға ауыстырды, кейін кардиологияға ауыстырыпты. Дәрігерлер оның өмірі үшін ұзақ күресті", - деп жазады Ғалым Байтук өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Дуамбеков "Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет" қоғамдық ұйымының президенті болды. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Халықаралық экология академиясының президенті, "Жасыл ғаламшар үшін экологиялық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы және "Ақ Орда" республикалық қозғалысының экология қанатын басқарды. 2011 жылы президент сайлауына түсетінін жариялап, тіркеу кезінде сайлауға түсуден бас тартып, кандидатурасын алып тастаған.