Ахметов пен Сапарбаевқа татарлар көмектесіп жүр

  • 30.07.2020
  • Malim Админ

Пандемия кезінде шенеуніктер әлеуметтік желіде белсене түсті. Күн ара пост жазады. Онлайн брифинг өткізіп, телефон арқылы президентке есеп береді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал АХМЕТОВ желі қолданушыларына гуманитарлық көмектің шетелден келгенін айтып бір мақтанып қойды.

«Құрметті жерлестер!  Кеше Татарстан Республикасынан жүк келді. Келісімге сәйкес, өңірге үш тонна дене қызуын түсіруге арналған, вирусқа және қабынуға қарсы препараттар жеткізілді. Бұдан былай, фармацевтикалық зауыттармен жасалған келісімшарт бойынша дәрі-дәрмектерді тікелей алатын боламыз. Осы шаралардың арқасында тұрақтандыру қорын қалыптастырып, «Фармация» СК-дан алынатын дәрі-дәрмектерді қосқанда барлық қажеттіліктерімізді жабуға мүмкіндік аламыз», - деп жазды орталықтан алыс өңірдің басшысы Ахметов facebook.com парақшасында.

Әрине, бұл жаман жаңалық емен. Алайда, 66 жастағы әкімнің сүйенер ұлы бар емес пе. Қазір кәсіпкер біткен демеушілік жасап жатыр. Форбстың тізімінде жарқ ете қалған Талғат АХМЕТОВТЫҢ 2017 жылғы есеп бойынша дәулеті 145 000 000 $ доллар болған. Айтпақшы, ratel.kz сайты Даниал КЕНЖЕТАЙҰЛЫНЫҢ баласы облыстағы фармацевтикалық бизнеске қатысы барын жазған еді. Ол зерттеу материалмен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. Сондықтан да Даниал Ахметов мырза алыстағы татар ағайынан емес, ұлынан неге жәрдем сұрамайды екен деген сұрақ туындайды.

Даниал Ахметовтың алдында осы ШҚО басқарған Бердібек САПАРБАЕВҚА да татар ағайындар жәрдемдесіп жатыр екен. Ұлдары өзіндей әкім болған Бердібек МӘШБЕКҰЛЫНЫҢ жағдайы шығыстағы әріптесінен қарағанда басқарақ.

«Менің шақыруым бойынша Жамбыл облысына Татарстан Республикасынан бір топ дәрігер келді. Шетелдік мамандардың келуінің негізгі мақсаты медициналық көмек көрсету және коронавирус инфекциясы мен пневмонияны, оның ішінде ауыр науқастарды емдеуде тәжірибе алмасу болып табылады. Келген дәрігерлердің қатарында дәрігер-инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог және амбулаториялық-емханалық қызметтің мамандары бар.  Бүгінгі күні өңірде коронавирус жағдайының тұрақтану үрдісі байқалғанына қарамастан, шетелдік әріптестердің тәжірибесі де артық болмайды деп ойлаймын», - деп жазды Жамбыл облысының басшысы facebook.com парақшасында.

Ресми мәлімет бойынша Жамбыл облысында коронавирусқа шалдыққандар саны 3 443 болса, ШҚО-да 6075 адам.

Фото: top.st 

Байланысты жаналықтар

Шымкент кәсіпкерлері 14 балабақша салып бермек

13.04.2021

Қордай қақтығысы: Қираған үй жаңарды, ал көңілдегі жара жазылды ма?

24.04.2021

Айгүл Орынбек: Президент көп көкейкесті мәселелерге көңіл аударды

01.09.2020

Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

21.05.2020

 В Шымкенте будет обработано около 4 миллионов квадратных метров территории города

19.05.2021

Ақтөбеде коронавирусқа полиция қызметкерлері шалдықты

30.04.2020