Уағызшылар белден төмен әңгіме айтады

Malim Админ

  • 31.07.2020

Түркиядағы ең танымал исламтанушы теологтар, том том кітап жазып, ТВ эфирінен уағыз айтып жүрген ең атақты уағызшылардың ауыздарынан еш тастамайтын екі тақырыбы бар, бірі әйел темасы, әйелдердің шашы ұзын ақылы қысқа екені, тозақ тұрғындарының басым бөлігі қатындар екені, әйелдердің шайтани азғыру қабілеті, әйелдерді сабауға болатыны, әйелдерге Нұр сүресін ғана үйретіп үй шаруасына салу керектігі туралы т.б. осыны бәрі де айта береді. Екінші тақырыптары белден төмен, еркектерге о дүниеде берілетін әжір сыйлық, жұмаққа барған еркектерге берілетін хор қыздары, олардың саны, категориялары, кімге қанша берілетіні, кәдуілгі ілімнің бір саласына айланып кеткен ғой хор қыздарын классификациялау. Міне, осы екі тақырыптан аса алмайды. Экология проблемаларына Ислам дінінің көзқарасы қандай екені туралы айтатын бір молда көрмейсің. Жұмысшылардың құқықтары туралы айтатын бір уағызшы көрмейсің. Хайуан құқықтары, әйел құқықтары, логиканы жетілдіру, сыни ойлау, азаматтардың еркіндіктері мен бостандықтары, ғылыми зерттеуге ынталандыру сияқты тақырыптар не жоқ немесе мүлде аз. Қысқасы, осы күнгі қоғамға қажетті замануи тақырыптарды ауызға алмайды молдекеңдер. Осы уағызшылардың ойлау деңгейі 15-ші ғасырда қатып қалған, одан аса алмайды. Өздері қоғамның ойлау деңгейіне жете алмаған соң қоғамды өздерінің деңгейіне түсіруге тырысады.  Бұл -  деградация. Сонсоң 1,000 жыл бұрынғы мұсылмандардан пәленбай пәленбай ғалымдар шыққан деген бос сөзді қою керек, шықса шыққан шығар сол кезде, ал біз әзір 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Мың жыл бұрын анандай болғанбыз мынандай болғанбыз деп әншейін өзі бірдеңе бітіргендей сөйлейтіндерді түсінбеймін. Сол ғалымдар бізге бүгін керек! Бүгін шығару керек физиктер мен химиктерді, медиктер мен биологтарды! Бүгінгі мұсылмандар Ибн Синалар мен әл-Фарабилерді шығара алмай жатса, ойлану керек. Ойланудан қорықпаңдар шырақтарым!!!

Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Жазба автордың рұқсатымен жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.