Алексей Цой айтқан сөзінен айнып қалды

Malim Админ

  • 01.08.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 30 шілдеде елдің бәрі медициналық маска тағуы керек, бұл міндет тәй-тәй басқан сәбиден бастап, жүгіріп бара жатқан спорт сүйер адамға дейін қатысты деген болатын. Яғни, жаппай маска тағу бәірне бірдей міндеттелді. Ал маскасыз жүргендерге 80 мың теңге көлемінде  айыппұл салынаты қосымша хабарланған еді.

Күн өтпей Алексей Цой әлгі сөзінен айнып қалыпты. Енді қоғамдық орындарда жұрттың бәрі маска тағуы міндет. Бірақ, бұл шарт ашық жерде жүрген сәбилерге және спортпен шұғылданып, жүгіріп жүргендерге  жүрмейді.

Цойдың айтқан сөзінен бір күн өтпей айнып қалуының себебі бар. Оның сәбилерге маска тақтыру бастамасы қоғамның ашу-ызасын тудырды.  Тіпті, malim.kz сайтына түсініктеме берген дәрігерлер Цойдың бастамасын геноцидке де теңеді. Сәбиге маска тағу мүмкін емес екенін айтқан ата-аналар дереу қол жинап, 15 мың адам қол қойған наразылық хатты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберіп те үлгерген еді.

Байланысты жаналықтар

Цойдың цифры шатастырады

03.08.2020

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

21.07.2020

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

23.06.2021

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

08.07.2021

Цой ақшаға, ал Қожахметов тегін жұмыс істейді

27.08.2020

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой 

11.10.2021
MalimBlocks
Цойдың цифры шатастырады

Ауылдағы науқастарды мал дәрігерлері қарайды

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Біртанов пен Әбішевке қатысты тергеу амалдары аяқталды

Цой ақшаға, ал Қожахметов тегін жұмыс істейді

Pfizer егілетін адамдар тізімі толығуы мүмкін - Цой