Коронавируспен "ауырмау" 25 мың теңге тұрады екен

Malim Админ

  • 06.08.2020

Алматыда дәрігерлер коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтаманы 25 мың теңгеге сатқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады. Қабылданған шаралар нәтижесінде «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды. «Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», -  деп хабарлады Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

21.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

21.03.2024

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

20.03.2024

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады 

20.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурыз мейрамына қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады?

Наурызнама: Бүгін - Ынтымақ күні

Астана мен Алматыда қандай іс-шара өтеді?

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды

Жоғалған 3 жасар қыз әлі табылмады