Депутаттың ұлы қамауға алынды

Malim Админ

  • 09.08.2020

Орал қаласында депутат Валерий КРЫЛОВТЫҢ кәмелетке толмаған баласы адам өліміне күдікті ретінде қамауға алынды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ УРАЛЬСКАЯ НЕДЕЛЯ жергілікті басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай 6 маусым күні Шаған өзенінде болған. Моторлы қайықта белгісіз адам 40 жастағы Екатерина АНАНЬЕВАНЫ қағып өткен. Марқұмның басы мен қолы жұлынып кеткен. Туыстары әйелді сол күйінде жерлеуге мәжбүр болған. Бас ымен қолы табылмаған. Полиция бірден тергеу жұмыстарын бастап кетеді. Бірақ марқұмның ет жақындары  тергеуге көңілдері толмайтынын және полицейлер кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға асықпайтынын айтты. Оларға су техникасының сараптамасы 1,5 айға созылады деген.

«Ұлымның кінәсіз екеніне сенімдімін. Егер менің ұлым адам өліміне кінәлі болса әйелім екеуіміз марқұмның отбасынан кешірім сұрайтын едік. Қазір полиция менің катерімді және басқа да өзгелердің алты кемесін алып тексеріп жатыр. Менің ұлымнан басқа 10 адам күдікке ілініп отыр. Менімше тергеу жұмыстарының қортындысын күту керек. Сол кезде нағыз кінәлі адамның аты-жөні белгілі болады», - деген депутат Крылов.

Енді он жеті жастағы күдікті уақытша тергеу абақтысында екі ай отырады.

Көрнекі фото: yandex.ua

Байланысты жаналықтар

Жансай Смағұлов жарыс жолынан шықты

26.07.2021

Бейүкіметтік ұйымдар қызметі тоқтатылып жатыр

29.01.2021

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

21.05.2020

Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлихан қайтыс болды

31.03.2021

Зүльфия олимпиаданың қола жүлдегері

26.07.2021

«Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ»

16.07.2020
MalimBlocks
Жансай Смағұлов жарыс жолынан шықты

Бейүкіметтік ұйымдар қызметі тоқтатылып жатыр

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлихан қайтыс болды

Зүльфия олимпиаданың қола жүлдегері

«Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ»