Лукашенко: Наразылар резиденциямды басып ала жаздады

Malim Админ

  • 10.08.2020

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскіде наразылыққа шыққандарды әлдебіреулер мемлекет басшысының резиденциясын басып алуға арандатқанын айтты. Ол халықты арандатып, наразылыққа шығарғандар анықталып, жазасын алатынын жеткізді. Оның айтуынша, сайлаудан кейін елде жаппай тәртіпсізсіздікті ұйымдастыруға шетелдің қатысы бар.

"Белгілі бір адамдар шетелде отырып алып бассыздықты басқарып отыр, ал елдегі жастар – заңсыз наазылық акцияларының қатысушылары мұны түсінбейді. Тәуелсіздік сарайынан (президенттің резиденциясы) 200 метр жерде халықты жинап алып, телефоннан "Тәуелсіздік сарайын басып алу үшін 100 мың адам керек" деген сөзді естідік. Сонда құқық қорғау органдарының реакциясы қандай болуы керек? ОМОН олардың жолын бөгеп, ұстап қалғанына шүкір. Егер олар резиденцияға жетсе, оқиға басқаша өрбитін еді. Онда қауіпсіздік қызметі, антитеррор қызметі жұмыс істейді. Сондықтан мұндай оқиғаның алдын алған ОМОН-ға рахмет айту керек. Бұл жағдай мүшкіл болмаса да, әлдебіреулер көшеге шығуға итермелеген халық үшін қауіпті еді"

Сайлауды мерекемен салыстырған Беларусь басшысы көшеге шыққандар мерекенің шырқын кетірді деді. Лукашенко көшеге шыққандардың көпшілігі арақ ішіп, наша шегіп алғанын айтты. "Біз тығылып жүрген ұйымдастырушыларды анықтап, ұстадық. Беларусьте үш мың адам ұсталды, оның жартысы Минскіде. Ішіп алып, шегіп алғандары сұмдық", - деді ол.

Лукашенко көшеге шыққандарды Польша, Ұлыбритания мен Чехиядан басқарылғанын айтты.

"Біз шетелден түскен қоңырауларды анықтадық. Чехия, Ұлыбритания, Польшадан қоңыраулар түскен, біздің "тұсақ қойларды"  солар басқарған", - дейді ол.

Байланысты жаналықтар

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

01.03.2021

Наразылықтың 50-ші күні: "Қытай 56 зауытын әкелетін болса, құл боламыз"

29.03.2021

"Батьканың" таңдауы Беларусьті тәуелсіздігінен айыруы мүмкін

25.05.2021

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек

03.05.2021

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

21.06.2020

Аналар тағы да алаңға шықты

01.04.2021
MalimBlocks
Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Наразылықтың 50-ші күні: "Қытай 56 зауытын әкелетін болса, құл боламыз"

"Батьканың" таңдауы Беларусьті тәуелсіздігінен айыруы мүмкін

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке Ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінбек

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

Аналар тағы да алаңға шықты