Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті
Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті

Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті, - деп хабарлайды Malim.kz Белтаға сілтеме жасап.
Инаугурация рәсімі Минскідегі Тәуелсіздік сарайының Салтанат залында өтті. Александр Лукашенко оң қолын Конституцияға қойып, беларусь тілінде ант берді.
"Беларусь Республикасы президентінің қызметіне кірісіп, Беларусь Республикасы халқына адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасы Конституциясын сақтауға және қорғауға, маған жүктелген жоғары міндеттерді адал әрі шынайы орындауға салтанатты түрде ант етемін", – деді ол.
26 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Александр Лукашенко Беларусь президенті болып сайланды. Оған 5 136 293 сайлаушы дауыс берген, бұл – сайлауға қатысқан азаматтардың 86,82 пайызы.
"Жарты әлем біздің "диктатурамызды", іс пен халық мүддесінің диктатурасын, армандайды. Бізде сөз еркіндігі орнаған. Бәз өздерін "демократия эталоны" деп санайтын елдерден артық болмасақ, кем емеспіз", – деді Лукашенко.
Фото: instagram/alexandr__lukashenko
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
