Ол Американы жақсы көрді. Америка халқы Джимми Картермен қоштасты

Президент Картер өз еліне құлшына қызмет етті. Ол Американы жақсы көрді. Мен оның саясатымен келіспедім, бірақ оның патриоттығымен келіспеуге болмайды

Аялдар Күнтуған

  • 08.01.2025

Фото: Мир24

Сейсенбі күні америкалық заң шығарушылар АҚШ-тың 39-президенті Джимми Картермен Вашингтондағы Капитолий ғимаратында қоштасу рәсіміне қатысты. Бұл туралы "Америка дауысы" жазды.

«Бүгін біз болашақ ұрпаққа ерекше естелік қалдырған адамның есімін құрметтейміз», – деді вице-президент Камала Харрис Картердің отбасы мен қоштасуға келген халықтың алдында сөйлеген сөзінде.

Америкалықтарға бұрынғы президентіне құрметін білдіру үшін Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картердің мәйіті екі күн бойы Вашингтонда болады.

Харрис Картердің Кэмп-Дэвид келісімдеріне араағайындық жасау, этикалық реформаларды енгізу және білім беру мен энергетика министрліктерін құрудағы рөлін айрықша атап өтті.

Конгресс жетекшілері Картердің президенттігі кезінде әлемде және Америкада болған күрделі уақытты еске алды.

– Президент Картердің өмірі, оның өзгені ойлаған қызметі, ракпен күресі естен кетпейді, деді Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон. – Президент Картер әрқашан қызметін адал атқаруды.

Сенаттағы азшылық көшбасшысы Чак Шумер сейсенбіде Картерді «президент болған ең адал адамдардың бірі» деп атап, ол «джентльмен болатын, мейірімді, адал, ақылды, қарапайым, патриот еді» деді.

Картер Вьетнам соғысынан және Уотергейт дағдарысынан кейін, америкалықтардың үкіметке сенімі азайған тұста президент болды.

Картердің президенттік кезеңі (1977-81) инфляция жоғарылап, Иран мен Ауғанстандағы дағдарыс әлемді шарпыған тұсқа дөп келді.

«Президент Картер өз еліне құлшына қызмет етті. Ол Американы жақсы көрді. Мен оның саясатымен келіспедім, бірақ оның патриоттығымен келіспеуге болмайды», – деді республикалық конгрессмен Ральф Норман «Америка дауысы» радиосына.

Картер ұзақ өмір сүрді: ол 100 жасында өмірден өтті. Ақ үйдегі жұмысынан кейін оның мансабы қайырымдылық қызметіне, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа, әлем бойынша сапарлар мен кездесулерге бағытталды, бұл америкалық президенттердің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін қалай өмір сүретінін қайта қарауға мүмкіндік берді.

«Джимми Картер қиын кезеңдерде президент болды: Ирандағы дипломатиялық дағдарыс, инфляция. Шынымды айтсам, кейбір жағдайларда оның президенттігі Джо Байденнің президенттігіне ұқсайды, деді республикалық конгрессмен Майк Лоулер «Америка дауысы» радиосына берген сұхбатында. – Бірақ, менің ойымша, америкалықтар әрқашан Джимми Картерді адал адам ретінде қабылдады, ол шынымен де осы ел мен халық үшін ерекше қамқор болды, және ол президенттік мансабынан кейін «Habitat for Humanity» қорын ашып, америкалықтарға көмек көрсетуге назар аударды».

Капитолийдің архитекторының айтуынша, тек 46 АҚШ мемлекеттік қайраткері ғана Капитолий Ротондасына жерленген. Джимми Картер туған жері Джорджия штатына жерленеді.

Байланысты жаналықтар

Грузия президенті бүгінгі президент сайлауы нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді

14.12.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Сайлау алдындағы жарыс: Харрис пен Трамп жеті негізгі штатқа назар аударды

22.10.2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

20.10.2024

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

09.09.2024
MalimBlocks
Грузия президенті бүгінгі президент сайлауы нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеді

Ал президент сайлауына жалғыз кандидат түсіп отыр

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Сайлау алдындағы жарыс: Харрис пен Трамп жеті негізгі штатқа назар аударды

Трамп Харриске қарағанда «15 минут артық жұмыс істедім» деген мәлімдеме жасады

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сайлауға небәрі екі аптадан астам уақыт қалды

АҚШ-тағы сайлау: сауалнама нәтижесінде тең түсті

Бұл сайлауда үміткерлердің кез келгені жеңіске жетуі мүмкін екенін білдіреді