Дәрігерлер үш жасар баланың өмірін сақтап қалды

  • 12.08.2020
  • Malim Админ

Шымкентте дәрігерлер марганцовка ішіп қойған 3 жасар баланың өмірін аман алып қалды.
Химиялық сұйықтық ішіп қойған үш жасар бала сегізінші тамыз күні ауыр халде Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген. Марганцовка ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысы толықтай күйіп қалыпты. Химиялық күйік шалған баланың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, реанимациялық көмек көрсеткен.
Анасының сөзінше, балақай үйде ойнап жүріп бір құтыдағы марганцовканы ішіп қойған.
Дәрігердің сөзінше, улы сұйықтық ішіп қойған бала ауыр дәрежедегі токсикалық әсер алған. Жансақтау бөлімінде көрсетілген үздіксіз емнің арқасында бүлдіршіннің денсаулық жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Қазір үш жасар бала токсикалогиялық бөлімшеде ем алуда.

Мамандар, он жыл бұрын ішкі құрылысы күйген балалардың 80 пайызын өлім аузынан аман алып қалу қиынның қиыны еді дейді. Бүгінде медицинаның қарыштап дамуына сәйкес, ондай жағдайға тап болған бүлдіршіндердің өмірін сақтау қалуға мүмкіндік көп екен. Десе де, ол ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін ең төмендетпеуі тиіс дейді мамандар.

Байланысты жаналықтар

Жол да бар, жұмыс та бар: елорда инфраструктурасы тиімді дамиды

10.02.2021

«Күйеуге тиіп, бала таппасаң – жезөкшедей көреді»

12.03.2020

Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

08.06.2020

Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

28.05.2020

«Коронавирусқа қатысты барлық шара қолға алынды»

02.03.2020

42 500 алуға қайта өтініш беруге болады

25.05.2020