Жаңа оқу жылында - жаңа пән

  • 17.08.2020
  • Malim Админ

Биылғы оқу жылынан бастап экология туралы қосымша білім беру, сынып сағаттары басталады. Бұл туралы экологиялық білімге қатысты Facebook-тегі KUN.KZ ашық медиа платформада өткен онлайн конференцияда айтылды.

«Экологиялық білім беру, экологиялық тәрбие беру мәселесі өзекті екені сөзсіз, сол себепті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі« пәнін енгізу туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма берілгеннен бастап жұмысты бастап кеттік. Осы жұмысқа басқа мемлекеттік органдар да өте белсенді араласуда. Мемлекеттік емес ұйымдардан да өте жақсы ұсыныстар келіп жатыр. Бұл - осы мәселенің өте өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр «, - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, басты мәселе - Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы орындау.

«Біздің алдымызда дайын болсақ та, болмасақ та аталған пәнді 1 қыркүйекте мектеп бағдарламасына енгізу туралы талап тұрған жоқ. Біз ең алдымен берілетін білім мазмұнына, баланың жас ерекшелігіне қалай сәйкес келетінін және әдістемелік жағын да қарастырамыз. Мұндай жұмыс асығыс болмау керек. Сабақта, сабақтан тыс уақытта экологиялық білім беру өте маңызды. Бұл сабақты бір пән ішіне кіргізіп қойсақ - тиімділігі жоғары болмайды», - дейді ол. Министр экологияға қатысты тәрбие: ойын, жоба, олимпиадалар арқылы жүзеге асуы керектігін айтты. «Бала тек қана естіп қана қоймай, қолмен жасап көргені дұрыс болады. Президент тапсырмасын орындау жолы мен әдісі көп. Биылғы оқу жылынан бастап экология туралы қосымша білім беру, сынып сағаттарын бастаймыз. Жалпы жұмыс 1 қыркүйектен жүйелі түрде басталады», - дейді Білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Ақбөкен мүйізін көксегендер құрықталды

18.02.2020

Наурыз мерекесі тойланбасын. Қалаға автобустар кірмесін.

11.03.2021

Киік қырғандар құрықталды

21.04.2020

Қарағандыда көп балалы анаға айыппұл салынды

06.02.2020

Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады?

23.06.2020

Карикатура сөйлесін

14.05.2021