Мамин балықты көп жеу керектігін айтты

Қанат Тілеухан

  • 18.08.2020

Қазақстандықтар балықты аз жейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ Асқар МАМИННІҢ төрағалығымен өткен үкіметтің селекторлық отырысында айтты.

«Адам басына шаққанда Қазақстан халқы балықты аз жейді. ДДҰ бір адам жылына 16 келі балық етін жеу керек деп кеңес береді. Ал біз де жылына 4 келі ғана жейді. Көршілес Ресей мен Қытайда әрбір адам 20-40 келіге дейін балық етін жейді», - деді министр Мырзағалиев.

Жиында елдегі балық саласының даму преспективалары қаралды. Премьер-министр 1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді тапсырды. Жаңа құжатта  субсидиялау, жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу бойынша нақты индикаторлар мен іс-шаралар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуі тиіс деді. Қызығы, Қазақстан сыртқа жылына 30 тонна балық сатса, шетелдерден 43,5 тонна балық өнімін сатып алады екен.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған министрлік басшысының сөзі үкімет басшысына бей-жай қалдырған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныс орындау керектігін айтты.

«Әр өңірде балық өндірісі ұйымдастырылуы тиіс, бизнес субъектілеріне су қоймалары бекітіліп, жаңа ауланған сапасы жоғары балық сататын сауда орындарының санын арттыру керек. Азаматтардың пайдалы тамақтану рационын қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша бір адамға балықты тұтыну деңгейін 16 келіге жеткізу керек», - деді А. Мамин.

Фото: turantimes.kz

Байланысты жаналықтар

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

29.10.2020

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет жобасы басталды

17.03.2021

Бекбаева Назарбаевқа орынбасар болды

11.11.2020

Құтқарушылар зомбилердің көмегіне жүгінді

07.10.2021

Тоқаев экономиканы қалай құтқармақ?

11.05.2020

Студенттер онлайн оқуға қарсы

16.09.2020
MalimBlocks
Шахаров, шық! Аналарды алдама!

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет жобасы басталды

Бекбаева Назарбаевқа орынбасар болды

Құтқарушылар зомбилердің көмегіне жүгінді

Тоқаев экономиканы қалай құтқармақ?

Студенттер онлайн оқуға қарсы