Сарапшылар: Оқушылар мектепте бірнеше жыл маска тағып жүруі керек

  • 21.08.2020
  • Malim Админ

Оқушылар бірнеше жыл бойы мектепке маска тағып баруына тура келеді. CNBC арнасының хабарлауынша, мектептер жақын арада қалыпты өмірге орала алмайды, сондықтан оқушылар мектепке маска тағып баруды әдетке айналдыруы керек.

"Медициналық сарапшылар оқушылар мен мұғалімдер мектепте маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау, індеттің таралуын тежейтін басқа да шараларды бірнеше жыл ұстануы керек", - делінген хабарламада.

Мектептер қалыпты өмірге оралуы үшін ұжымдық иммунитет аздық етеді. Вирустың таралуын тежеу үшін сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, үнемі қол жуып, тазалық талаптарын сақтау керек.

Ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін халықтың шамамен 60-80 пайызы ауырып шығуы керек. Ал вакцина биылғы жылдың соңы немесе келесі жылдың басында ғана шығуы мүмкін. Дегенмен сарапшылар вакцина бәріне бірдей көмектеспеуі мүмкін дейді. Елдер тиімділігі 75 пайыз вакцинаны ойлап табуға ұмтылып жатыр, бұл вакцина кей адамдарға көмектеспеуі мүмкін деген сөз.

Жұқпалы аурулар маманы Исаак Богоч CNBC-ге берген сұхбатында мектептер қалыпты өмірге оралуы үшін жылдар керек депті.

Мектеп оқушылары ғана емес, басқа жұрт та маска тағуды әдетке айналдырғаны жөн. Қазақстандық дәрігерлер вакцина шықпайынша, күнделікті маска тағып жүру керектігін айтады. Маска тағу арқылы адам өзін ғана емес, үйдегі жақындарын да вирустан қорғайды.

Байланысты жаналықтар

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

12.06.2020

Жабайы сауданы заңдастырып, кәсіпкерге мүмкіндік беретін мекеме

17.03.2021

Былтыр ауыл шаруашылығы алға жылжыпты

08.01.2021

Автопарк: Полиция жұмыс істетпейді

12.02.2020

Үкімет өнім шығарушы кәсіпкерді ұнатады

12.03.2020

Қазақстан темекімен қалай күресіп жатыр?

30.05.2020