"Шетелдік нөмірлі машиналарды тіркеу шарттары қарапайым"

Malim Админ

  • 21.08.2020

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, Қазақстанға Арменияда тіркелген 22 мың автокөлік Қазақстан азаматтарына әкелінген.

ІІМ өкілінің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 20 мамырда Үкімет Армениядан қазақстандықтар әкелген автомобильдерді тіркеу тетіктерін іске асыру туралы Үкімет Қаулысын қабылдады.

Спикер атап өткендей, азаматтарды тіркеу шарттары "адал". Осы қаулы аясында Армениядан автомобильдерді тіркеу кезінде бірқатар маңызды төлемдерді төлеу талап етілмейді. Яғни, бастапқы тіркеу, кәдеге жарату және кедендік баждар үшін алымдар төленбейді.

«Автокөлікті тіркеу үшін: техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмір үшін тіркеу алымы мен баж салығын төлеуге – барлығы 12 мың теңге, оның ішінде тіркеу үшін алым – 695 теңге, техникалық паспорт үшін баж – 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге; жеке басын куәландыратын құжаттарды және автокөлікке нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсыну; Арменияда автокөлікке берілген техпаспорт пен мемлекеттік нөмірді мерзімсіз сақтауға тапсыру», - деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Бүгінгі күні тіркеуге жататын 14 мыңнан 10 мыңнан астам автомобиль тіркеуден өтті. Күн сайын 400-ге жуық автомобиль тіркеледі. Сондай-ақ, Серік Түсіпов автокөліктерді тіркеген азаматтардың Қазақстанда техникалық байқаудан өтуге және отандық тіркеуі бар автомобильдерге арналған баға бойынша өз көліктерін сақтандыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Дереккөз: ortcom.kz

Байланысты жаналықтар

Академик Қирабаевтың ұлы елші болды

05.03.2020

Бадминтоннан республикалық V жастар ойынының жеңімпаздары Шымкент жастары

18.05.2021

Цой отставка туралы сұраққа жауап берді

16.06.2021

Отыз жылдықтың рақымшылығына кімдер ілігеді?

07.09.2021

Цой антиваксерлердің әріптестеріне қол көтеру оқиғасына пікір білдірді

20.07.2021

Мәмин вирусқамақта, Аймағамбетов пен Сапарбаев қайтер екен?

14.06.2020
MalimBlocks
Академик Қирабаевтың ұлы елші болды

Бадминтоннан республикалық V жастар ойынының жеңімпаздары Шымкент жастары

Цой отставка туралы сұраққа жауап берді

Отыз жылдықтың рақымшылығына кімдер ілігеді?

Цой антиваксерлердің әріптестеріне қол көтеру оқиғасына пікір білдірді

Мәмин вирусқамақта, Аймағамбетов пен Сапарбаев қайтер екен?