"Қазақстанның инвестициялық сенімділігі тұрақты деңгейде"

Malim Админ

  • 25.08.2020

Қазіргі уақытта Қазақстан ғана емес, әлемдік экономиканың жағдайы күрделі. Осындай қиын-қыстау кезеңде 2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өседі деп болжануда. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты.  Оның сөзінше, жалпы ішкі өнім 2,8 деңгейінде болады. Халықаралық сараптамалық ұйымдар Қазақстанның инвестициялық сенімділігін де тұрақты деп бағалапты.

«Қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай күрделі, бұл біздің экономикаға да әсерін тигізуде. Халықаралық қаржы институттары коронавирус індетіне қарсы шектеу шараларына байланысты орын алған жаһандық рецессия мен іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтуде. Осыған қарамастан, Fitch рейтингтік агенттігінің тамыздағы деректеріне сәйкес, Қазақстанның инвестициялық сенімділігі ВВВ – тұрақты деңгейінде расталды. Сонымен бірге, бұл рейтинг мемлекеттердің 60 пайызында төмендеп отыр. Бұл Үкімет және Ұлттық Банктің дағдарысқа қарсы шаралардың уақытында қабылдап, нақты жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады», - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша, ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірнеше фактор бар. Мемлекеттік қарыздың төмендігі, ақша-кредит саясатының тиімділігі, фискалдық резервтердің көлемі, т.б. жағымды көрсеткіштерге ие. Мұның бәрі үкіметтің дер кезінде шешім қабылдап, тиімді қимылдай білгенінің нәтижесі дейді Мамин. Ол қысыл-таяң кезде жедел шешімдер қабылдауға мәжбүр болғандарын, қарқынды төмендетпеу керек екенін де алға тартты. Демек, келер жылғы жалпы ішкі өнім өсімін тоқтатпайды.

 «2021 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің нақты өсімін 2,8 деңгейінде болжап отырмыз. Қазір экономиканың салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, қарқынды төмендетпей, үйлесімді және жедел шешімдер қабылдауымыз керек. Қазіргі жағдайды ескере отырып, Үкімет алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджетінің жобасын әзірледі. Республикалық бюджеттің көзделген қаражаты мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», - деді үкімет басшысы.

Бұдан әрі отырыста премьер-министр өзі атап өткен тәсілдерді мақұлдауды және аталған заң жобалары мен Жарлықтың жобасына дауыс беруді ұсынды. Министрлер кабинетінің мүшелері аталған құжаттарды бекітуге дауыс беріп, бір ауыздан қолдап шықты. Енді бұл құжаттар (аталған заң жобаларын және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктері жәнеПремьер-Министр кеңсесімен бірлесіп дайындалып, Парламентке ұсынылмақ.

 

Байланысты жаналықтар

Бір миллионның сертификаты тегін берілмек

04.05.2021

Шекара шетіндегі аймақтың мығым болуы маңызды

03.04.2021

Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айрылды

18.09.2020

Шымкентте шығатын құбырлар жарты ғасырға шыдамды

04.05.2021

Шағынауданының инфрақұрылымының құрылысы жыл соңында толық бітеді

17.05.2021

А.Мамин: Басты міндет – ауыл тұрмысының сапасын жақсарту

20.04.2021
MalimBlocks
Бір миллионның сертификаты тегін берілмек

Шекара шетіндегі аймақтың мығым болуы маңызды

Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айрылды

Шымкентте шығатын құбырлар жарты ғасырға шыдамды

Шағынауданының инфрақұрылымының құрылысы жыл соңында толық бітеді

А.Мамин: Басты міндет – ауыл тұрмысының сапасын жақсарту