«Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» қандай  меморандумға қол қойды?

  • 26.08.2020
  • Malim Админ

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» ынтымақтастық меморандумын бекітті. Құжатқа «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев пен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев қол қойды.

Меморандум аясында тараптар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, ауыл шаруашылығы саласы мен ауыл еңбеккерлерінің өзекті мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларына мемлекеттік және мемлекеттік емес қолдау жүйесін жетілдіруге жәрдемдесуге бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісімге келді.

«Қазақстан фермерлері қауымдастығы» - Қазақстанның барлық облыстарының 40 мыңнан астам фермерін біріктіретін ірі қоғамдық ұйымдардың бірі. Аталмыш қоғамдық бірлестікпен ортақ мүдделеріміз көп. Бұған дейін де республикалық және аймақтық деңгейде әріптестік қарым-қатынаста болдық. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты мәселелерде қауымдастық пен партияның ұстанған бағытының ортақ екеніне көз жеткіздік. Бүгінгі ынтымақтастық меморандумы арқылы «Ауыл партиясының» әлеуеті артып, ауыл шаруашылығының дамуына қосар үлесіміз еселене түседі деп үміттенемін», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев «Аграрлық саланы дамыту – ортақ мүддеміз» атты бірлескен отырыста.

Оның айтуынша, әлемді жайлаған коронавирус індеті аграрлық сектордың, азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын айқындап берді.

«Дәл қазір адамға қымбат көліктің де, қымбат киімнің де керегі жоқ. Ең негізгісі – деннің саулығы. Елді етпен де, сүтпен де, нанмен де қамтамасыз етіп отырған сол ауылдың берекелі тірлігі, ерен еңбегі. Отыз жылдың ішінде экономикамыздың шикізатқа тәуелділік құрсауынан шыға алмай қалғаны жасырын емес. Басқасын айтпағанда, Қазақстанның ауылшаруашылық өндіріс кешенін дамытуға әлеуеті жеткілікті. Мал бағып, жер емген ата кәсібімізді қайта жаңғыртып, өңдеу өнеркәсібін дереу жандандыруымыз қажет», - деді партия төрағасы.

Меморандумға қол қою рәсімінде «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев «Қазақстан фермерлері қауымдастығынан» қабылданған партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыс етті. «Қазақстан фермерлері қауымдастығының» басқарма төрағасы мен орынбасарлары, атқарушы директоры және аймақтық филиалдарының төрағалары салтанатты рәсіммен «Ауыл» партиясының қатарына қабылданды.

Дереккөз: kazinform.kz

Байланысты жаналықтар

Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

29.11.2020

Шымкентте таза ауа басты назарда

06.05.2021

«Қымбатымыздан айрылдық»

17.08.2020

Ауыл партиясы: Футболға кеткен қайран ақша

16.11.2020

Пойыздан түсе салып карантинге жатты

22.04.2020

Даңқты Марадона дүниеден өтті

25.11.2020