Саакашвили енді Кәлетаевпен кездесті

Malim Админ

  • 31.08.2020

Грузия және Украинаның мемлекет қайраткері Михаил СААКАШВИЛИДІҢ қазақстандық делигацияларды қабылдауы Дархан КӘЛЕТАЕВПЕН аяқталды.

Украина Ұлттық реформалар кеңесінің атқару комитетінің басшысы Михаил Саакашвили Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан АМАНҰЛЫН қабылдады. Бұл туралы украиналық саясаткер facebook.com парақшасында жазды.

«Жұмыс кабинетімде Әзірбайжан мен Қазақстан елшілерін қабылдадым. Қазақстан елшісі Дархан Кәлетаев украина тіліне аударылған қазақ әдебиетінің классигі Абай ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ кітабын сыйлады. Біз Украинаның екі елмен қарым-қатынасы сөз еттік. Біз постсоветтік аумақта реформалар бойынша жеке бюро құрамыз», - деп жазды Саакашвили.

Бұған дейін Михаил Саакашвили «Nur Otan» партиясының мүшесі, депутат Нұржан АЛЬТАЕВ бастаған делегацияны үйінде қабылдаған еді. Қазақстандық меймандар арасында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ экс-кеңесшісі Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшелері Арман ШОРАЕВ, Бақытжан БҰҚАРБАЙ,  «Nur Otan» партиясының тағы бір мүшесі, экс-депутат Бақыт СЫЗДЫҚОВА болған.

Оқи отырыңыздар: Саакашвили Қазақстанға «келе жатыр»

Депутат Нұржан Альтаев бастаған қазақстандықтарды «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, қазіргі елші Дархан Кәлетаев та қабылдады. Осы сапарға барғандардың бірі қоғам қайраткері Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА Мәлім кз сайтының тілшісіне берген сұхбатында «Бұл сапарды Кәлетаев ұйымдастырған жоқ» деген болатын. Ал Арман Шораев бизнесмен Марғұлан СЕЙСЕНБАЙДЫҢ ұйымдастырды деген еді.

Оқи отырыңыздар: «Саакашвилимен төңкеріс жасау үшін кездеспедік»

Грузиядағы «Раушан революциясының» лидері «Nur Otan» партиясы төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ әлемдік лидерлердің бестігіне кіретін мемлекет қайраткері деген болатын. Биыл Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫНЫҢ 80-жылдығына орай Киевте «Көшбасшы жолы» атты халықаралық конференция өткен.

«Қазақстан астанасында бірнеше рет болдым, тамаша қала. Бұл қала бәрімізге үлгі. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ мемлекетінің ғана емес, Грузияның да іргесін бекітті деп айта аламын. Алғаш рет Грузияға ірі инвестиция тартып, сол арқылы экономикамызды нығайтты. Нұрсұлтан Назарбаевты өзімнің тәлімгерім деп танимын», - деген еді Саакашвили.

Фотолар: facebook.com, gov.kz

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.