Адвокат Құспан президент жолдауына пікір білдірді

Malim Админ

  • 01.09.2020

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылауды күшейту бастамасын адвокат Абзал ҚҰСПАН қолдайды. Бұл туралы заңгер мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауына қатысты пікір білдіргенде жеткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамды қатыстыру туралы мәселе талдауды да, талқылауды да қажет етпейтін аксиома. Себебі барлық дамыған елдердің  тәжірбиесінде бұл бар. Қоғамдық бақылау туралы заңды қабылдауға қатысты өз басым оң көзқарастамын. Мәселен Германияда темекі тұқылы, қоқыс тастасаңыз кез-келген адам сіздің үстіңізден шағым айта алады. Сосын полиция ол адамды жауапқа тартады. Бұл ұсақ-түйек дүние емес. Осылай азаматтық қоғам дамиды. Тәртіп орнайды. Бізде қазір коррупциямен күресіп жүрген қоғамдық белсенділер бар. Жергілікті билік оларды қолдамайды. Керісінше теперіш көрсетеді. Сондықтан да жемқорлықпен күресуге қоғам дайын тұр»,  - дейді адвокат Абзал Құспан.

Бүгін президент Тоқаевтың бірыңғай ақпараттық ресурс құру туралы да айтты. Квазимемлекеттік құрылымдардың ашық болуы керектігіне де тоқталды. Адвокат Абзал Құспан осы мәселер қоғамды жиі талқыланған еді дейді.

«Бізде мемлекеттік қызметкерлер жайлы көп айталды. Алайда квазимемлекеттік мекемелер назардан тыс қалған. Соңғы жылдары қоғам осы сала хақында көп айтып жатыр. Ол құрылым басшыларының шектен асқан айлық пен сыйақы алатындығы қаншама рет сыналды. Өз басым бұл қоғамдық пікірдің жеңісі деп білемін», - деді адвокат.  

Сонымен қатар адвокат сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген органдарға да бақылау орнатылса деген тілегін білдірді.

Фото: uralskweek.kz

Байланысты жаналықтар

Ұлттық кардиохирургия орталығы "Назарбаевқа" сыйға берілді

27.04.2021

Қазақстан «қызыл» аймақта

29.06.2021

Балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу стратегиясы талқыланды

12.01.2021

Өңір өміріндегі өнер сапары

19.12.2020

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Әкім 21 гектар резиденциясын сата ма?

01.07.2021
MalimBlocks
Ұлттық кардиохирургия орталығы "Назарбаевқа" сыйға берілді

Қазақстан «қызыл» аймақта

Балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу стратегиясы талқыланды

Өңір өміріндегі өнер сапары

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

Әкім 21 гектар резиденциясын сата ма?