"Көлеңкелі экономикамен күресу керек"

Malim Админ

  • 01.09.2020

Көлеңкелі экономика мәселесін шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік. ҚР Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы экономикамызда көлеңкелі экономиканың үлесі үлкен екенін айтып өтті. Ол экономикамыздың үштен бірі - көлеңкелі экономика екеніне, оның қауіп-қатеріне және сыбайлас жемқорлыққа әкеп отырғанына баса назар аударды. Ол құқық қорғау органдарының басты жұмысы - көлеңкелі экономикамен күрес болуы керектігін айтты. Бұл - өте дұрыс тапсырма. Осы мәселені шешіп алсақ, ашықтық арқылы экономикамыздың даму үрдісін көрер едік», - дейді ҚР Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Ол Мемлекет басшысының теңгені бір қалыпқа келтіру мәселесін қозғағанына тоқталып өтті.

«Теңгенің тұрақсыздығы бизнестік инвестиция жасауға ұмтылыстың жоқтығына, шетелдік инвесторлардың сенімсіздік танытуына әкеліп отырғаны белгілі. Осы мәселенің бәрін дер кезінде шеше алсақ, бұл ертеңгі күні теңгеміздің тұрақтануына және инвестициялық климаттың қалыпқа келуіне септігін тигізер еді. Сондай-ақ, елімізде заң аясында қырыққа жуық салық пен түсімдер бар екені белгілі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оны оңтайландырып, нақтылап, экономикаға жұмыс істейтін және бюджетке өз мұқтажын шешетін жағдай туғызу көзделіп отыр», - дейді ол.

Дереккөз: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды