«Шарли Эбдо»  Мұхаммед пайғамбар туралы карикатураны қайта жариялады

  • 02.09.2020
  • Malim Админ

Францияның сатиралық «Шарли Эбдо» журналы Мұхаммед пайғамбар туралы карикатура жариялады.

Басылымның жаңа шығарылымы 2015 жылдың қаңтарында «Шарли Эбдо» апталық редакциясында және Hyper Cacher супермаркетінде жасалған террорлық іс бойынша сот процесінің басталуы қарсаңында шығып, журнал 2  қыркүйекте сатылымға шыққан.

"2015 жылдың 7, 8 және 9 қаңтарындағы терактілер туралы арнайы шығарылым", - деп жазылған газет парақшасында.

2005 жылдың 30 қыркүйегінде Данияның  "Юлландс-постен" газетінде пайғамбарды бейнелейтін 12 карикатура жарияланған болатын. «Шарли Эбдо» сатиралық басылымы бұл карикатураны қайта басып шығарып, шу шығарған еді. Карикатура мұсылмандардың наразылығын туғызып, ал басылым редакторы Филип Валь 2007 жылы сот алдына келіп, ақталып шыққан болатын.

Іс бойынша сот тыңдалымы 2 қыркүйекте басталады. Азаматтық арыз берген 200 адам сот процесіне қатысады. Сот түгел видеоға жазылып, Францияның тарихи архивіне өткізіледі. Сот 10 қарашаға дейін созылуы мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Malim Сinema: «Ойыншық» фильмі жайлы бірер сөз

09.03.2021

Даниярды министр құттықтады

28.11.2020

Путинге жауап: Аштықтың құнын төлесін

24.06.2020

Белгілі жазушы Жанат Ахмади дүниеден озды

29.06.2020

35 қалыңдығы бар жігітті полиция ұстады

25.04.2021

Психолог пен Жанардың соңғы кездесуі: Жанар бірінші күйеуін тапты

31.03.2021