Айдарбек Ғазизұлының карикатуралары
Адамзат өміріндегі келеңсіз құбылыстарға идеясы нақты сыни-әлеуметтік көзқараспен қарай алатын өнердің бірі – карикатура. Соңғы уақыттарда карикатура орындалу жағынан да біршама дамып, өз өкілдеріне де жоғары талап қоя бастады. Иран, Түркия, Қытай, Италия мен Польша, Бельгия, Әзірбайжан, Хорватия сияқты мемлекеттерде өте жақсы дамыған бұл өнердің түрінен жылына бірнеше үлкен конкурстар ұйымдастырылады. Мың жарым адамға дейін қатысатын бұл сайыстарда үздік жүздікке кірудің өзі үлкен жетістік. Айдарбек Ғазизұлы – қазақ карикатурашыларының ішінде әлемдік сайыстардан жүлдегер болып жүрген санаулы өнер иелерінің бірі.
2012 жылы Қытайда өткен «Алтын панда» конкурсында алтын медаль, 2013 жылы Израильдің Хайфа қаласында өткен 20-сыншы халықаралық конкурста арнаулы сыйлық, 2014 жылы Румыния конкурсында бірінші сыйлық, сол жылы Ливан конкурсынан қола медаль, 2015 жылы Қытайда өткен анимация мен комикстердің азиялық конкурсында бас жүлде (гран-при), 2016 жылы Италияда өткен «Факс әлемге – факс төзімділікке» атты халықаралық конкурста бірінші орын, 2017 жылы тағы да Қытайда өткен конкурста халықаралық бәйгенің бас сыйлығын алған.
Айдарбек Ғазизұлы 1958 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Теректібұлақ ауылында дүниеге келген.
Халықаралық конкурстардың бас жүлдесін иемденген қылқалам шеберінің туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.
Айдарбек Ғазизұлы