Баланы қуантудан асқан игі іс жоқ

Malim Админ

  • 23.08.2020

Биыл да «Шапағат» халықтық жобасы «Біз мектепке барамыз» қайрымдылық акциясын жалғастырмақшы. Қазақстан коммунистік халық партиясы ұйытқы болған шарада 3500-ге жуық балаға оқуына қажетті заттар берілмек. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Қазір пандемия кезінде оқушыларға жылдағыдай киім-кешек, сөмке т. б емес, смартфон, гаджеттер, компьютерлер керек-ақ.  Көпбалалы отбасылар мен тұрмысы төмен жанұялардың оны алуға қалтасы көтере алмайтыны да анық. Осындай санаттағы отбасылардан шыққан жүзге жуық оқушыға осы жоба аясында қамқорлық жасалмақ. Бұл игі іске  «Ybyrai» жас бағдарламашылар лигасы» ҚҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС және «ҰАТ» АҚ сынды демеушілер жұмылыпты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаға кез-келген адам қатыса алады. Елдің ертеңгі болашағы болар балалардың біліміне жасалған қамқорлық өтеуі зор игілікті іс дейді.

«Жыл сайын «Біз мектепке барамыз» акциясын өткіземіз. Биыл ата-аналардан ноутбук, нэтбук, нетбук, компьютер, планшет я болмаса ұялы телефон алуға жәрдемдесіңіздерші деген өтініштер түсті. Қазір де түсіп жатыр. Қашықтықтан оқу кезінде бұл техникалар өте-мөте қажет. Сондықтан биыл біз осы заттарды алуға көмекетсуді шештік. Қайрымдылық марафонына кез-келген ықыласты адам қатыса алады», - дейді «Шапағат» халықтық жобасының жетекшісі Назгүл МАҚЖАН.

Жоба өкілдерінің айтуынша, бұл құнды сыйлар балаларға тегін беріледі. Сондай-ақ, бұл акция бірінші тоқсанға дейін жалғаса бермек екен. Барынша оқушыларға көбірек копьютерлерді табыстауға тырысамыз. Баланы қуантудан асқан игі іс жоқ дейді.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады