Балуан әкім «мусорды» жеңе алмай жүр

Жанар Қожанова

  • 03.09.2020

Ақтөбеде екі жылда үш әкім ауысса да қаланы қоқыстан тазарта алатын емес. Қаланың қазіргі әкімі  Асхат ШАХАРОВ та  ең бірінші тұрғындарға қоқыс төгу мәдениетін үйретемін, болмаса әр қайсысан айыппұл төлеттіремін деп жұмысына қолын сыбана кіріскен еді. Алайда арада бес ай өтсе де өзгерген ештеңе болмады. Есесіне қоқыс тазалай алмай жатқан әкімдік бюджеттен миллионға жуық ақша бөліп, қала көшелеріне  джентельмен-жәшіктер орнатып жатыр. Оған қоса қоқысқа төленетін тарифті де сексен теңгеге өсірді.

Ақтөбе тағы да қоқысқа көмілді. Тау боп үйілген қалдық пен сасыған ауадан шаршаған тұрғындар жергілікті биліктің әлі күнге дейін қаланы қалдықтан тазарта алмай отырғанына наразы.

«Осы міне бір ай ма, екі ай ма болды. Қоқыстар жиналмай жатыр. Мына аққан мусырдың суы деген үйдің қасына жақындап қалды. Иісі деген сұмдық. Аңқып жатыр. Ертең мынау құрттайды. Балалар ойнайтын алаңқайда қоқыс. Еңбектеп жүрген балалар бар. Қайда барамыз, кімге айтамыз? Айтып жатырмыз. Ешкім құлақ аспайды», - дейді ақтөбелік тұрғын Гүлнәр ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА.

2-3 аптадан бері аулаларына қоқыс тазартатын көлік келмеді деген тұрғындар Ақтөбенің спортшы әкімі миллиондап ақша жұмсап,  әр жерге спорттық алаң сала бергенше,  қаланы қоқыстан тазартып алсын деп отыр.

«Қоқысты мүлдем  алмайды. 2-3 апта жатады осы жерде. Ішінде шыбын да, крыса да бар. Кішкентай балалар ойнайды. Жағып жіберсе не болады? Білмеймін, не болып кеткенін. Біздер төлейміз ғой. Ай сайын төлей        міз»,  –дейді қоқыстан шаршаған Үміт АЙТУЕВА.

Есіне қаланы қоқыстан тазарта алмай жүрген  әкімдік көшелерге  джентельмен-жәшіктер орнатып жатыр.  Сөздерінше қаланың көркіне сән келтіретін дәл осындай қоқыс жәшіктерін  жасату үшін бюджеттен арнайылап 780 000 теңге  бөліпті.  Ал, қоқыс мәселесінде контейнерлер жетіспейді екен.

«Проблемалар бар. Қоқыс контейнерлерінің жетуспеуі. Соған да біз қосымша контейнерлер алуға конкурс жарияладық. Бұйырса 600-ге жуық қоқыс контейнерлерін қала бойынша орналастырамыз.  Ал «урны джелтельмены» деген бір жағынан дизайн жағынан қала көркіне әдемі болады. Екіншіден өзінің функционалды жағы қоқыс жинауға ыңғайлы жасалған», - деді Ақтөбе қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мирас ӘЖІБАЕВ.

Әкімдіктегілер қазір қаланың қоқысын үш компания бірдей тазартып жатқанын айтады. Ал сексен теңгеге көтерілген тарифті қалалық маслихат  депутаттар бір ауыздан қолдапты.  Енді қыркүйек айынан бастап ақтөбеліктер қоқыс үшін баяғындай 104 емес,  180 теңге төлейтін болады.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ғылыми кеңес жұмысына қандай өзгерістер енгізілді?

26.08.2021

Шекара. Зауыт-фабрика қаптап тұр. Жұрт көшіп кетіп жатыр

08.10.2021

Жұмысшылар митингі: Доллар өседі, айлық өспейді

12.03.2020

Тао Порчон-Линч: “Тыныс алуды үйрен. Тыныштықты сезін” 

03.05.2021

Киберспортта ақша көп – чемпионмен сұхбат

25.10.2021

Ұстаздар күні: Көңіл-күйің қалай, мұғалім?

30.09.2020
MalimBlocks
Ұлттық ғылыми кеңес жұмысына қандай өзгерістер енгізілді?

Шекара. Зауыт-фабрика қаптап тұр. Жұрт көшіп кетіп жатыр

Шекара бойында зауыт, фабрика салынып, халық қалың нөпір боп келіп, жаппай қоныстанып  жатыр. Шекара бойында мектеп, мәдениет үйі, спорт алаңдары салынғалы жатыр. Онсыз да қатары сирек жұрт болса, ол жерден қашып жатыр.

Жұмысшылар митингі: Доллар өседі, айлық өспейді

Тао Порчон-Линч: “Тыныс алуды үйрен. Тыныштықты сезін” 

83 жасында жамбасын сындырып алғанына қарамай, би билеуді үйреніп алған Тао Порчон-Линчнің хиқаясы

Киберспортта ақша көп – чемпионмен сұхбат

Ұстаздар күні: Көңіл-күйің қалай, мұғалім?