Қоғам еңбек құндылықтарын қабылдауды өзгертуі керек

  • 04.09.2020
  • Malim Админ

Еліміздің алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбектің аса маңызды екендігін атап өтті. Президент пандемия кезеңінде еңбек еткен отандастардың іс-әрекетін ерлік деп атады.

«Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн», - деді Президент қазақстандықтарға.

Бұл ретте алғашқылардың бірі болыр волонтерлер іс-қимылға көшті. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте олар «Ашық жүрек» жаңа жобасының басталғанын жария етіп, жыл соңына дейін волонтерлер қатарын 3 есеге ұлғайту бойынша жоспарларымен бөлісті.

«Президент өз Жолдауында еңбек құндылығы туралы айтты. Волонтерлік еңбек - осының айқын дәлелі. Біз «беделді» және «беделсіз» деп бөлмейміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жайлы айтты. Жастар оңай ақша табу жолына түседі, тез ақша табуды қалайды. Бірақ қазір мұндай уақыт емес. Қазір біз өскелең ұрпаққа беретін іргелі білім, құндылықтар, тәжірибе уақыты. Мені таң қалдыратын өте маңызды бір нәрсе, мен Президентпен толық келісемін, бұл «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» тізбегі. Біздің түсінігіміздегі жауапты адам - патриот. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Себебі волонтер өзін ғана емес, айналасындағыларды, елін ойлайды. Зиянын тигізбейді, көмектеседі. Жауапкершілікті мемлекетпен бөліседі және оны басқаға жүктемейді. Сондықтан «Ашық жүрек» сияқты жобалар жауапкершілікті өз мойнына алатын жүйелі жастарды, көшбасшыларды, патриоттарды қолдайтын болады. Біз Жолдауды жүзеге асыруға сөзбен ғана емес, іспен де кірісіп кеттік», - деп атап өтті Қазақстан Волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.

Сондай-ақ, спикер Тоқаевтың реформалардың сәтті жүргізілуі бірлікке, патриотизмге және бүкіл қоғамның азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты екендігі туралы сөздерін еске салып өтті.

Байланысты жаналықтар

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

25.07.2020

Сіздің денсаулығыңыз туралы ақпарат естіп, көңіліміз құлазып қалды

18.06.2020

Тараз бен Қарағандыда террористік ұйым өкілдері ұсталды

03.02.2020

Браконьерлерге бұғау бар ма?

06.02.2020

В ШЫМКЕНТЕ ГАРАНТИРОВАННЫЕ СОЦИАЛЬНЫЕ ПАКЕТЫ ПОЛУЧИЛИ БОЛЕЕ 34 ТЫСЯЧ ДЕТЕЙ

13.05.2021

Цойдың министрлігі онлайн дауыс беруді де қарастырып жатыр

14.10.2020