Ресейлік вакцинаның жағымсыз әсері бар. Қазақстан оны сонда да ала ма?

  • 04.09.2020
  • Malim Админ

Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-ға қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі ұсыныстарын жариялады. Вакцинадағы препараттардың біріне сезімталдығы бар адамдарға оны салмаған дұрыс. Сондай-ақ инфекциялық ауру жұқтырған, созылмалы аурулары асқынып тұрған адамдарға вакцинаны салуға болмайды. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жасы 18-ге толмағандар, аяғы ауыр әйелдер мен емізулі сәбилерге вакцина салуға болмайтынын мәлімдеді. Осылайша әлсіз топтарға ресейлік вакцинаны салмаған дұрыс дегенді Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің өзі мойындады.

Ресейлік вакцинаны алуға келісім жасаған Қазақстан оны жағымсыз әсерге қарамастан ала бере ме? Онлайн брифинг кезінде денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков вакцина әлі сынақтан өтіп жатыр, сынақтың ақырғы нәтижесін күту керек деп мәлімдеді.

"Ресейлік вакцинаны сатып алу туралы келісімге келдік, бірақ ол тек келісім ғана. Қазір ресейлік вакцинаны үшінші кезеңдегі сынағының нәтижеін күтіп отырмыз. Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі қаңтарға дейін сынақтың үшінші кезеңін өткізетінін айтты. Соның нәтижесі мен ықтимал жағымсыз әсері, қандай жас топтарына қалай әсер ететініне қарап шешім қабылдаймыз. бірінші және екінші кезеңдегі сынақ аздаған жағымсыз әсер бар екенін көрсетті", - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Ресейлік ғалымдар аса беделді The Lancet журналында вакцина жайлы мақала жариялады. Олардың айтуынша, маусым және шілде айындағы сынақтарға қатысқан еріктілердің қанында үш аптаның ішінде антиденелер пайда болды. Алайда әр кезеңдегі сынаққа 38 адам ғана қатысқан. Батыс ғалымдары клиникалық сынаққа аз адам қатысты деп есептейді. Әрі зерттеу 42 күн ғана жалғасқан. Lancet-ке мақала жазған ресейлік ғалымдар үшінші кезеңдегі сынаққа 40 мың адам қатысады деп отыр. Бірінші және екінші сынаққа қатысқандарда  басы және буындары ауырған, бұл вакцинаның жағымсыз әсері.

Байланысты жаналықтар

Шымкентте «Халық қатысатын бюджет жобасы басталды

17.03.2021

Маңғыстау өңіріндегі эпиджағдай қалай?

28.07.2020

Коронатест пен медмаска арзандады

09.11.2020

Саудагерлер: Әкімдік біздің базарды жауып, өзгелерге тимейді

09.09.2020

Қытай зорлық-зомбылықты тоқтатып, мұсылман қауымының мәдениетін мойындауы тиіс

29.11.2020

Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімі

13.07.2020