ЖОО-ларды лицензиясынан айыру ғылымға қалай әсер етеді?

  • 28.08.2020
  • Malim Админ

Соңғы кездері ЖОО-ларға қойылатын талаптардың күшейгені белгілі. Осыған орай соңғы 10 күн қарарында Қазақстандағы бірнеше университтердің жұмысына қатысты тергеу жүргізіліп, тіпті, кейбірінің жұмысы тоқтатылып, лицензиясынан айрылды. Бұл жақсы ма, жаман ба?

Әрине, еліміздегі жоғары білім беретін оқу орындарының санының қысқаруы бір қарағанда жағымсыз жаңалық. Сан азайған жерде бәсекелестік төмендейді деуге болады. Бірақ, саны көп униыерситеттер сапасыз білім беріп келсе  не болады? Осы жағын ескерсек, саны бар, сапасы жоқ ЖОО-лардың жұмысын тоқтатқаны да жөн. Қазіргі кез келген университетке қойылатын талап – біреу-ақ: сапалы білім беріп, түлектерін әлемдік университтермен барабар біліммен қамтамасыз ету. Алға қойылған негізгі мақсат та сол болса керек.

Оның үстіне, ішкі тәртібі, ішкі академиялық әдістемесі жоқ университеттер бұдан былай көшке еріп, қою шаңның арасында жүре беретін заманы өтіп-ақ барады. Сол себепті, заманауи, жаңа талаптарды айналып өту қиындау. Бұған дейін өздеріне тағылған айыпқа мойынсұнбай, соттасуға дейін барған университтер ендігіде 90 градусқа өзгертпесе, жағдайларының түзеле қобы екіталай.

Былтырдан бері басталған тексеру амалдары кезінде бірнеше ЖОО-ның лицензиясынан айрылғаны белгілі. Бұл өз кезегінде, соңғы кездері жиі айтылып жүрген ғылымды оқытуды дамыту, білімді, өз саласының білігірі дейтіндей мамандар мен әлемдік бәсекеге дайын ғалымдар дайындау мәселесіне оң ықпал етеді. Өзгеге үлгі, өзіне сабақ алған университтер бұдан былай нағыз бәсекеге түсе байтайды деп болжауға болады. Тіпті, диплом сатумен айналысып келген де білім ордалары кездескені жасырын емес.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бірнеше жоғары оқу орнын қайта тексеруден кейін, кейбірінің лицензиясын тоқтату туралы шешім қабылдапты. Тексеру барысында білім туралы заңнама нормалары сақталмағаны анықталған.

Бұған дейін ескерту жасалған «Алматы» университеті, «Қайнар» Академиясы, Алматы Экономика және статистика академиясы, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті және «Silkway» халықаралық университетінде нормалдардың бұзылуы тағы анықталыпты.

«Осыған байланысты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Алматы» Университеті, Алматы Экономика және статистика академиясы, А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін лицензиясының күшін тоқтатты. «Қайнар» Академиясы мен «Silkway» Халықаралық университетін тексеру қорытындылары тексеру нәтижелеріне шағымдануына байланысты сотта қаралуда. Сот процестері аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұдан өзге түгелдей емес, кейбір мамандықтар бойынша жекелеген лицензиялар да жойылды. Мәселен, «Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «құқық» даярлау бағыты бойынша (бакалавриат) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылды».

Қазір бұл университеттер 2020-2021 оқу жылына талапкерлерді қабылдай алмауы мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Кекілбаев: Бозжырадағы қонақ үйді қорғау үшін блогерлерге ақша беріпті

24.02.2021

Зеленский Саакашвилиға вице-премьерлікті ұсынды

22.04.2020

"Болашақ" бағдарламасы: Ауылдан қатысатын үміткерлер тіл курсынан өте алады

23.04.2021

Біріккен статистика: Бір тәулікте 6407 адам ауырған

02.08.2020

Мәскеуге бомба тастағанда Қырым мен Донбасс мәселесі шешілер еді

04.03.2020

Қашықтан оқыту: Оқушылар БЖБ мен ТЖБ-ны қалай тапсырады?

09.04.2020