"Әлдеріңіз тек Бекболатқа келіп жатыр ма? Ұят болады, жігіттер!"

Malim Админ

  • 13.09.2020

Белгілі ғалым, әдебиеттанушы, алаштануы Айгүл Ісімақова Мәжіліс депутаты, әнші Бекболат Тілеуханды сынаушыларға видео үндеу жолдады. Видеода ғалым Бекболат Тілеуханға негізсіз жала жабылып отырғанын айтады. Осыдан біраз уақыт бұрын тараған қарғыс сөзді жыраулар дискурсында бар сөз деп бағалайды.

«Соңғы кезде бүкіл әлем, адамзат болып ковидпен, қаһарлы дертпен күресіп жатқанда, біздің ішкі Қазақстанда өте қолайсыз жағдайлар болып жатыр. Соңғы жарты жылдың ішінде Бекболат Тілеухан деген танымал азамат, Ақтамберді, Қазтуған жыраулардың толғауларын 1986 жылы алаңға шығып орындап қаншама елдің рухын көтерген. Сол Бекболатты жарты жылдан асты, оның алдында болған, бір абыройсыз іс, өштік, пенделік көре алмаушылық па, біздің мемлекетті құлдыратып жатқан жалғыз Бекболат сияқты. Осындай азаматымызға рухани шабуыл жасалып жатыр.

Күні көше телефонда айтылған бір ауыз сөзін, осындай қарғыс екен, сұмдық екен десті. Ол жыраулардың дискурсында болатын сөз. Мына мағынада мен сені өстеймін, мен саған ашуланғанда назамды білдірдім деген сөз. Өзі өсірген бөрісі етектен қапқан деген осыны көрдік», деді Айгүл Ісімақов.

Ғалым сондай-ақ әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуіханға қатысты тараған видеоға да пікірін білдірді.

«Ал енді күні кеше интернетте екі көзі екі жаққа алақтап отырған бір есі сау емес азаматтың, бізді таңғалдырғаны, енді Бекболат қару-жарақ сатып жүр екен деп жан-жаққа қарап отырған лағып кеткен сөзі, әрине, осыны білмейтін қазақстандықтарға әсер ететіні әбден түсінікті. Осы видеоны қарап отырсаңыз, бір спектакль сияқты. Ол көрініп тұр. Алла қаласа оның өтірік екені анықталады. Мен күмән келтірмеймін. Себебі Бекболат сияқты бес уақыт намазы түгел адам қару-жарақ сатты деу... оған Алланың жібермейтіні анық», дейді ғалым.

Айгүл Ісімақова Бекболат Тілеуханға қасақана шабуыл жасалып отыр деп ойлайды. Оның қазақ руханиятын, рухына еткен еңбегін де атап өтті. Сонымен қоса Мәжіліс депутатын уахабизм ағымына қатысы бар дейтін пікірге де өз ойын білдірді.

«Бекболат деген кім? 1986 жылы Сәтпаев университетінің студенттері, ҚазГУ-дың студенттері, телевидения, радио қызметкерлері алаңға шыққан уақытта, орыс тілді, Колбин сияқты басшысы бар топтың алдына жырауларды айтып кім шықты? «Менің Қазақстанымды» бас көтеріп айтқан кім болды? Үлкен ағаларын қолдаған кім болды? Кішкентай, жұдырықтай жүрегі бар 18 жасар Бекболат Тілеухан еді. Сол жердегі азаматтардың белінен келетін бала еді. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп айтқандай, кішкене есімізді жияйық.

Мемлекетімізде болып жатқан қолайсыз жағдайға Бекболат кінәлі дейді. Бекболат жер сатуға қарсы болды деп келе жатыр. Бекболаттан басқа депутаттарды неге сұрамайсыздар? Бекболаттан басқа қаншама депутат бар? Олар қарсы болғанын неге айтпайсыздар? Әлдеріңіз тек Бекболатқа келіп жатыр ма? Ұят болады, жігіттер. Бір қазақтың баласы бір қазақты қаралап жатыр. Аргументтеріңіз кішкене жан-жақты болу керек.

Бекболат уахабизм дейсіздер? Уахабизм деген не ол? Бізге қашан келді? Оны жалғыз адам әкеп осында орната сала ма? Бекболат сондай бір қаһарман ба? Жалғыз өзі бердемені әкеліп, елге орнататын. Сондай іспен айналысып жүрсе, бізде елде арнайы мекемелер жоқ па? Олар оны бақылып отырған жоқ па? Осындай шегінен шығатын асыра сілтеу Бекболаттан бір қазіргі замандағы тырнақшаның ішіндегі «қаһарман» жасау үшін аргумент дұрыс болуы керек. Әйтпесе бұл үлкен күнә екенін өздеріңіз білесіздер.

Бекболат өзін-өзі қорғауға мұқтаж емес. Оны Алла қорғайды, Алла қаласа. Оның шәкірттері бар. Тыңдап отырған қауымы бар. Бір адамға елдің бәрін қарсы қойып, айдап салу, ердің ісі емес, ездің ісі болады. Бекболатты сынап отырған азаматтарға ұят болды. Бұл тұрғыдан кішкене ойланыңыздар» деді Айгүл Ісімақова.

Естеріңізде болса әлеуметтік желіде белгілі әнші, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Серік деген азаматқа қарғыс айтқан аудиосы тараған еді. Осыған байланысты белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы пікір айтқан болатын.

Артынша Серік Боқан депутаттан кешірім сұраған.

«Аса қадірлі Бекболат-аға! Жаздым, жаңылдым! Мен байғұсты құдай ұрып қалды. Кешіре көрші, Бек-аға! Қиналған кезде бәріміз өзіңді пана тұтып, алдыңа баратын ек. Бетімізді қайтарған кезің аз. Сіздің арқаңызда қажыға бардым. Қаржылай көмек беріп бақтыңыздар. Мен білмеппін, Қытай мен Өзбекстаннан, Мұңғұлиядан бас-аяғы 185 отбасын әкелгеніңізді. Осы коронавирустың кезінде 23 миллион теңгеге халыққа жәрдем етіпсіздер. Мұсылман болған соң рия қылып, жария етпепсіздер. Кейін білдім.

Мені шайтан түртті. Күйсеңіз күйгендей-ақ екен. Теріс батаңызды қайтып алыңыз, Аға!!! Ұйқым бұзылып, жаным қинала бастады. Қиянатымды кешіріп, іні қалпымда жаныңыздан аластамаңызшы! Алдына келсе, атасының құнын кешетін тектінің тұяғы едіңіз ғой! Мен жаңылдым. Сіз кешіре көріңіз! Сәлеммен Серік Боқан бауырыңыз», – деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасына.

Бекболат Тілеухан болса, Facebook-тегі парақшасына: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ. Ініде ізет, ағада айбын болмаса, елден берекет қашпай ма? Серік бауырым кешірім сұрады. Мен наламды қайтарып алдым. Алла Алашты алауыздықтан, ағайынды араздықтан сақтасын! Әңгіменің нүктесі – осы!», – деп жазба қалдырған болатын.

Байланысты жаналықтар

Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті

29.12.2021

Бекболат Тілеухан: "Жатырым - менің ұраным" дегенге қарсымын

03.07.2021

Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

31.03.2021

"Иманғали аға ақырығы операциямның қаржысын төлеп берді"

29.01.2021

Дариға мәжіліске қайта оралды

12.01.2021

Алаш идеясына кіндігімен байланған ер Қайым

03.12.2020
MalimBlocks
Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті

Бекболат Тілеухан: "Жатырым - менің ұраным" дегенге қарсымын

Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан ағымдағы жылдың 8 наурызында өткен әйелдер маршына қарсылығын түсіндіріп, марш қайталанса, тағы қарсы шығатынын айтты.

Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

"Иманғали аға ақырығы операциямның қаржысын төлеп берді"

Дариға мәжіліске қайта оралды

Алаш идеясына кіндігімен байланған ер Қайым