Бекболат Тілеухан: "Жатырым - менің ұраным" дегенге қарсымын

Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан ағымдағы жылдың 8 наурызында өткен әйелдер маршына қарсылығын түсіндіріп, марш қайталанса, тағы қарсы шығатынын айтты.

Айшолпан КЕРІМ

  • 03.07.2021

«Мен ұлттық мәдениет өкілі болғандықтан, ол нәрсенің бәрі мен үшін жат. Ұлттық болмысымызға қарсы нәрсе айтылып жатқанда мен жырау ретінде үнсіз қала алмадым, ол нәрсе менің ақылыма сыймайды».

Брифинг кезінде «Нақты әйелдердің бас көтеріп, шеру өткізгеніне қарсысыз ба?» деген журналист сұрағына Тілеухан былай деп жауап берді.

«Жатырым – менің ұраным» деген нәрсеге қарсымын. Ол біздің ұлттық болмысымызға жат дүние. Келешекте тағы болса (шеру – ред.), тағы қарсы шығам, бұл мәселеде мен енді тоқтамаймын. Әлем болып оларды қорғап, қолпаштаса да, аузын ашуға қорықса да, қарсымыз. Өйткені олар ғасырлар бойы ата-бабамнан келе жатқан дүниенің быт-шытын шығарғысы келгенде, үнсіз қала алмаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін де Бекболат Тілеухан маршқа қатысты сын пікірін білдіріп, оның заңдылығын тексеру үшін  парламентке сауал жолдаған болатын. «Сауалыңыз қанағаттандырылды ма?» деген журналист сұрағы жауапсыз қалды.

Байланысты жаналықтар

Пикетировать и митинговать собрались фемактивистки в Алматы

02.02.2024

Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті

29.12.2021

Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

31.03.2021

Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ. Келін

09.03.2021

Дариға мәжіліске қайта оралды

12.01.2021

Тура жолға түскен Тазабекке Жолдыбайұлы шарт қойды

05.11.2020
MalimBlocks
Пикетировать и митинговать собрались фемактивистки в Алматы

Фемактивистки Алматы планируют направить уведомление в акимат о проведении митинга в ближайшие выходные. Об этом они сообщили на пресс-конференции в четверг, 1 февраля.

Бекболат Тілеухан мәжілістен кетті

Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

Тынымбай НҰРМАҒАМБЕТОВ. Келін

Дариға мәжіліске қайта оралды

Тура жолға түскен Тазабекке Жолдыбайұлы шарт қойды