Бекболат Тілеухан vs феминизм: Депутат бір айдан кейін неге ашуланды?

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 31.03.2021

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан арада бір айға жуық уақыт өткенде 8 наурызда Алматыда болған феминистер шеруіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Бұл шеру бір қарағанда, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы зиянсыз акция сияқты көрінеді. Әйелдің ары, намысы, құқығына ел болған соң қол сұғылатын жайттар болатын шығар. Бірақ қазақ үшін ол қашан да қастерлі ұғым. Дегенмен осындай дұрыс, аяулы мәселені қалқан еткен шерудің күн тәртібі мүлде басқа арнаға лағып кетті. Оған бәріңіз куәсіздер. Ондай шерулердің басты мақсаты ешқандай да әйелдің құқығы емес. Дәстүрлі емес некені сырттан бізге таңу, жыныс ауыстыру сияқты біздің қоғамымыз қабылдай алмай жатқан жат дүниелерге бой үйрету, керек болса, оны насихаттау. Оған біреу қарсы бола қалса, «анау фоб, мынау фоб деп, сен не әйел құқығына қарсысың ба» деп, екі мәселенің құйрығынан әкеліп, ми батпақ жасап жібереді», - деді Тілеухан.

Депутаттың сөзінше, шеруде айтылған сөздер қазақпен ерегесу сияқты және ұлттық танымның тамырына балта шабу.

«Осы шеруде айтылған сөздер қазақпен кәдімгідей ерегесетіндей көрінеді. «Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ, «қызға қырық үйден бостандық» дейді, «ұят беттің пердесі» десе қазақ, ол айтады, «өз ойыңды айту, ұят емес» дейді. «Менің жатырым – менің ережем» дейтін де ұран болады екен. Қай-қайсын алып қарасаң да, ұлттық дүние-танымның тамырынан балтамен дәлдеп ұрған сияқты нәрселер. Рухани жаңғыруымыз қайда қалды, ұлттық кодымыз қайда қалды, ұлы даланың жеті қыры дейтін елбасы тарапынан ұлттың еңсесін көтеретін нәрселерге жасалап жатқан шабуыл бұл. Адам ұяттың шеңберінен шықпай ақ құқығын сақтауға болады», - дейді Тілеухан.

Бұдан бөлек, Бекболат Тілеухан шеруде экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған «Көше партиясының» ұрандары көтерілгенін айтты. Ол қала әкімдігінің экстремистік топтардың алаңға шығуына жол берген, бермегендігіне сараптама жасауды сұрап, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

8 наурызда өткен шеруді ұйымдастырушылардың бірі, «Феминита» Қазақстан феминистер бастамашыл тобының жетекшісі Гүлзада Сержан Бекболат Тілеуханның депутаттық сауалы оның шеруден ешқандай хабары жоқ екенін көрсетті дейді. Оның сөзінше, бұл мәлімдеменің артында ешқандай дәлелі жоқ.

«Біріншіден, бұл Бекболат Тілеуханның Алматыда өткен шеруден ешқандай хабары жоқ екенін көрсетті және ол алған мәліметтерінің барлығы азшылық топтарға қорқынышпен, жиркенішпен қарайтын топтардың ойын жеткізгендей көрінеді. Бұл артында нақты фактісі бар, салмақты мәлімдеме емес. Мысалы, ол шерудің тақырыбы «зорлық-зомбылық туралы» деп айтты. Ол тіпті шерудің тақырыбын да білмейді. Шерудің тақырыбы: «әртүрлі әйелдердің белсенділігі мен құқығы» деп аталады. Яғни әртүрлі әйелдер туралы шеру. Ол экстремистік топтар кірді деп жала жауып тұр. Шеру күнтәртібінің ішінде саяси себептермен түрмеде отырған әйелдердің де құқығы қорғалуы керек деген тақырып бар. Ол алыпқашпа сөздерге еріп, жала жауып отыр», - дейді Сержан.

Гүлзада Сержанның сөзінше, Бекболат Тілеухан азшылық топтардың мүшелерін «азғын» деп атап, қастасу сөзін пайдаланған және осы сөзі арқылы аз топтарға халықты қарсы қойып, кемсіткен.

«Мәлімдемесінің екінші пунктінде Бекболат Тілеухан «азшылық топтардың азғындығы» деген қастасу сөзін пайдаланып тұр. Халықаралық нормада бұл «язык ненависти» деп аталады. Яғни, депутат адамның, билік өкілінің аузынан шыққан сөз ауыр болады. Ол қандай да бір азшылық топқа халықты қарсы қойып отыр. Бұл азшылық топты кемсіту. Оның біздің «азғындығымызды» зерттеп, білгендігі туралы мәлімет жоқ. Депутат адамның өмірінде көрмеген кісілерге «азғындар» деген сөзді пайдалануды қастастық сөзі деп аталады. Оның артында қастастық қылмысы жатуы мүмкін. Бұл сөз адамдардың азшылық топтарға қарсы қылмыс жасауына алып келуі ықтимал», - дейді Сержан.

8 наурыз күні Алматыда әйелдер шеруі өткен. Ол әлеуметтік желі мен БАҚ-та қызу талқыланып, қоғам пікірі екіге жарылған. Бірі феминизмді қолдаса, енді бірі оған қарсы шығып, «батыс идеологиясына ерік беру» деп бағалаған.

Байланысты жаналықтар

Алматы әкімі қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті

03.10.2024

Алматыда А вирустық гепатитін 400-ден астам адам жұқтырған

03.10.2024

Депутат TikTok-ты шектеуді немесе бұғаттап тастауды ұсынды

03.10.2024

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

03.10.2024

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

02.10.2024

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

26.09.2024
MalimBlocks
Алматы әкімі қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті

Алматыда А вирустық гепатитін 400-ден астам адам жұқтырған

Депутат TikTok-ты шектеуді немесе бұғаттап тастауды ұсынды

Алматыда жылу 7 қазаннан бастап қосылады

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі

Алматыда ұзаққа созылған екі маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді.