freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде қазақстандықтардың қатысуымен жаппай төбелес болды

Оқиға
Ресейде қазақстандықтардың қатысуымен жаппай төбелес болды
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Ленинград облысы аумағында болған жанжалдың видеолары тарады. Желі қолданушыларының мәліметінше, жаппай төбелеске Қазақстан азаматтары да қатысқан. Бұл жағдайға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Threads-тағы жазбаға сәйкес, оқиға Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Бейнежазбада бір топ адамның арасында жанжал шығып, бір сәтте олардың ішіне жоғары жылдамдықпен көлік кіріп кеткені көрінеді.

Пікірлердің бірінде жанжал қазақстандықтар мен жергілікті күзет қызметкерлері арасындағы келіспеушіліктен басталғаны айтылады.

Сондай-ақ күндіз түсірілген тағы бір видео тарады. Онда, болжам бойынша, кәсіпорын күзеті адамдарды күштеп көлікке отырғызып жатқан сәт көрсетілген.

Редакция ҚР Сыртқы істер министрлігінен ресми пікір сұрады. Ведомство оқиғаның 26 наурыз күні Усть-Луга кентінде болғанын растады.

Министрлік мәліметінше, жанжалға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстаған.

СІМ хабарлауынша, Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Велестрой нысанында болған оқиғаға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр.

Алдын ала дерек бойынша, қатысушылар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұсталған. Ресейдің құзырлы органдарына және компания басшылығына ресми сұраулар жолданған.

Министрлік өкілдері дипломаттардың Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысының ішкі істер органдарымен байланыста екенін айтты. Қазір зардап шеккен қазақстандықтардың саны мен құқықтық мәртебесі нақтыланып жатыр. Жағдай СІМ бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу