freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда жоғалған 17 жастағы студент өлі табылды

Оқиға
Қостанайда жоғалған 17 жастағы студент өлі табылды
Фото: ІІМ

Қостанай облысында бұған дейін Қостанай қаласында жоғалып, іздеуге жарияланған кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Гагарин бөгетінің маңындағы қамысты аумақтан оның денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Еске салайық, индустриалдық колледждің 17 жастағы студенті Владимир Орел 17 наурыз күні жатақханадан шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Оны іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді — полиция қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер жұмылдырылды. Тобыл өзені маңы мен қала шетіндегі аумақ күн сайын тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді.

Бұған дейін жасөспірімнің анасы видеоүндеу жариялап, көмек сұраған және қандай да бір ақпарат білетіндерді полицияға хабарласуға шақырған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу