freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанайда 5 күннен бері жасөспірім табылмай жатыр

Оқиға
Қостанайда 5 күннен бері жасөспірім табылмай жатыр
Фото: pixabay

Қостанайда 2026 жылғы 19 наурыздан бері кәмелетке толмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

19 наурыздан бастап полиция қызметкерлері 2008 жылы туған Орел Владимирдің хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша жедел түрде іздестіру шараларына кірісті, деп мәлімдеді Қостанай облысының полициясы.

"Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған едәуір күш пен құралдар жұмылдырылған: полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқару жасақтары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысуда. Іздеу аумағы қаланың басым бөлігін және оған іргелес аумақтарды қамтиды. Жергілікті жерді тінту, жасөспірімнің жүруі мүмкін бағыттарды тексеру, барлық нұсқалар мен келіп түскен ақпараттарды пысықтау жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде жетуі қиын аумақтар да тексеріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу