freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда алаяқтарға 4 млн теңге аударған зейнеткер сол күні қайтыс болды

Қоғам
Алматыда алаяқтарға 4 млн теңге аударған зейнеткер сол күні қайтыс болды
Фото: freepik.com

Алматыда зейнеткер алаяқтардың құрбаны болып, ірі көлемде ақша аударған соң сол күні көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Туыстарының айтуынша, 21 наурыз күні таңертең ер адам базарға барған. Сол жерде ол алаяқтардың ықпалына түсіп, шамамен 4 млн теңгені сегіз түрлі адамның есепшотына аударған болуы мүмкін. Немересі атасының ұзақ уақыт байланысқа шықпағанын байқап, кейін хабарласқанда телефонды бейтаныс адам көтерген. Сол сәтте артқы жағынан бөтен адамдардың дауыстары естілген.

Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір күдіктілерді іздестіру және тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу