freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жарты сағатқа жарық сөнеді: Қазақстан «Жер сағаты» акциясына қосылады

Әлем
Жарты сағатқа жарық сөнеді: Қазақстан «Жер сағаты» акциясына қосылады
Фото: check-point.kz

28 наурызда Қазақстанда халықаралық «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді. Биылғы тақырып – елдегі экотуризмді дамыту.

«Жер сағаты» акциясы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) қолдауымен жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Әлемнің 180 елі мен 7 000 қаласының тұрғындары акцияға қатысады. Қазақстанда бұл шара 17-ші рет ұйымдастырылмақ. Акция барысында елдегі бірнеше символдық нысанның жарығы сөнеді, оның ішінде:

«Байтерек» монументі

«Астана Опера»

Әзірет Сұлтан мешіті

Тәуелсіздік Сарайы

«Астана Арена» стадионы

«Алау» мұз айданы

«Қазақстан» қонақ үйі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Қатысушылар шамдарды сөндіріп, табиғатты қорғауға өз үлестерін қоса алады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу