freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды

Қоғам
Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес болды
Фото: видеодан скрин

26 наурызда Астанадағы «Көктал» ойын-сауық орталығында жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде таралды. Көргендерге сүйенсек, топтағы жасөспірімдер шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Астана полициясы барлық қатысушылардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да жеке басын анықтады. Барлықтары Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді, қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауды, тәрбиеге көңіл бөлуді және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін түсіндіруді ескертеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу