freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодар облысында баланы ұрған тәрбиешіге үкім шықты

Қоғам
Павлодар облысында баланы ұрған тәрбиешіге үкім шықты
Фото: pixabay

Павлодар облысында мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істеген тәрбиешіге балаға дене жарақатын салғаны үшін үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сотта оның балаларды тәрбиелеуге байланысты кәсіби қызметі барысында бір балаға қатысты заңға қайшы әрекеттерге барғаны анықталды. Ол жауапкершілікке тартылды.

"Сот шешіміне сәйкес, әйелге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқытуға байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотталған пробация қызметінің есебінде тұр және оның қызметкерлерінің бақылауында. Ол сот белгілеген барлық шектеу мен талаптарды қатаң сақтауға міндетті", – деп түсіндірді Павлодар ауданы пробация қызметінің бастығы Бейбіт Болатханов.

Енді бұрынғы тәрбиешіні пробация қызметкерлері тұрақты түрде тексеріп, бақылауда ұстайды.

Пробация қызметінің басшысы бұл жаза балалармен жұмыс істейтіндер үшін маңызды сабақ болады деп есептейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу