Пәкістан астанасы Исламабадта 29–30 наурыз күндері Сауд Арабиясы, Түркия және Мысыр сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Келіссөздер Таяу Шығыстағы шиеленісті төмендету және Иран мәселесін талқылауға арналмақ.
Пәкістанның сыртқы істер министрі Исхак Дардің мәліметінше, кездесуге Сауд Арабиясының СІМ басшысы Фейсал бен Фархан Аль Сауд, Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Мысырдың СІМ жетекшісі Бадр Абдель Аты қатысады.
Сапар аясында министрлер Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен де кездеседі.
Исхак Дардың айтуынша, бұл кездесу Пәкістанның аталған елдермен ынтымақтастығын нығайтып, өзара маңызды мәселелер бойынша үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік береді.