freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп АҚШ тарихында алғаш рет доллар банкноттарына қолтаңбасын қояды

Әлем
Трамп АҚШ тарихында алғаш рет доллар банкноттарына қолтаңбасын қояды
Фото: x.com/whitehouse

Америка лидері Дональд Трамп АҚШ банкноттарына өз қолтаңбасын қосады. Тарихта тұңғыш рет қазіргі президенттің қолтаңбасы қағаз валютаға орналастырылмақ, деп хабарлайды Malim.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.

Телеарна бұл ақпаратты Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігіне сүйеніп таратты.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекет басшысының қолтаңбасы елдің 250 жылдық мерейтойына орай банкноттарда пайда болады.

«Президенттің Американың алтын дәуіріндегі экономикалық өрлеудің архитекторы ретіндегі тарихқа қосқан үлесі даусыз, — деді Қаржы министрі Скотт Бессент. — Оның қолтаңбасын американдық валютаға орналастыру тек орынды ғана емес, сонымен бірге толықтай лайықты шешім».

Әдетте қағаз долларларға Қаржы министрі мен Қазынашының қолтаңбалары қойылады.

Материалда бұл мәлімдеменің сайлаушылардың экономикалық жағдайға, соның ішінде инфляцияның өсуі мен өмір сүру құнының жоғарылауына көңілі толмауын көрсеткен сауалнама деректерімен тұспа-тұс келгені айтылған. Сондай-ақ Ирандағы соғыс басталғалы мұнай бағасы да қымбаттап, бұл кейбір американдықтардың алаңдаушылығын туғызған.

Ақ үй басшысының қолтаңбасы биыл американдық валютада бейнеленетін жалғыз жаңалық емес. Трамп тағайындаған мүшелерден тұратын Федералды комиссия жақында елдің 250 жылдығына орай президенттің бейнесі бар 24 караттық алтыннан жасалған ескерткіш монеталардың дизайнын мақұлдады. Бұл дизайн енді Қаржы министрлігі тарапынан ресми бекітілуі тиіс.

Айта кетейік, 2020 жылы Трамп COVID-19 пандемиясы кезінде АҚШ азаматтарына төлемдерді қамтамасыз еткен экономикалық көмек чектеріне де өз қолтаңбасын қойған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу