freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жол ережесін елемегендер: Астанада екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қоғам
Жол ережесін елемегендер: Астанада екі жүргізуші 10 тәулікке қамалды
Фото: видеодан скрин

Астанада бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолдан өткен екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

23 жастағы Ойдана Тұрдалиева Lexus 600 көлігімен қызыл шамға өтіп кеткен. Оның айтуынша, рейске кешігіп қалған. Алайда тексеріс барысында оның бұған дейін 56 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды, оның 14-і жылдамдықты асырғаны үшін болған.

Сондай-ақ, BMW 530 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі Рахат Мурзабеков те жол ережесін өрескел бұзған. Оның да 27 рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны белгілі болды.

Сот шешімімен екі жүргізуші де «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша 10 тәулікке қамауға алынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу