Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Құрбанов Астанада өткен Әлем кубогында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Финалда ол Украина спортшысы Роман Свичкармен кездесіп, 15:12 есебімен қарсыласына жол берді. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанған болатын.