Синоптиктер 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Алайда кей өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Атмосфералық фронттардың әсерінен батыс және оңтүстік аймақтарда ауа райы құбылып, жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Ал еліміздің қалған бөлігінде антициклон ықпалымен ашық күн райы күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Солтүстік өңірлердің жолдарында көктайғақ қаупі бар. Батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Синоптиктер ауа температурасының көтерілуіне байланысты бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары екенін ескертеді. Атап айтқанда, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде қауіп күтіледі.